Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас

Қазіргі уақытта заман ағымына сай өзгере отырып, технологияның дамыған күрделі техника ғасырында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра білу – шебер мұғалімнің ерекшелігі. Балаларды таң қалдыру қиын, сондықтан да балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, сабақта түрлі әдістерді шебер қолдана білу қажет.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні – баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз.
Айғаным Жансүгірова,
№220 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі