Қандай қарбыздың зияны болуы мүмкін?

Оның сөзінше, қарбыз немесе қауынның құрамында нитрат жоғары деңгейде екенін дәмінен, сыртқы түрінен анықтау мүмкін емес. Мұны тек арнайы жабдықталған зертханада анықтауға болады.
Биолог ерте піскен қарбыз бен қауынды тек тексерілген орындардан сатып алуға кеңес берді.
Еске салайық, бұған дейін дәрігер қарбыздан улану белгілерін атады. Бұл кезде адам құсуы, жүрегі айнуы, іші ауруы, іші өтуі мүмкін. Сондай-ақ, әлсіздік және температура көтерілуі секілді улану белгілері байқалады.
Фото: massaget.kz