Танымал қазақстандық продюсер Алтынбек Рахметов жас көрінуінің құпиясын ашты. Сондай-ақ, ол осы күнге дейін көлік тізгіндеп көрмегенін жеткізді. "Мен сұлулық салондарына бармаймын. Айқын секілді бетімді тазаламаймын, саунада отырып үстіме бал жақпаймын. Бәлкім жас көрінуіме 18 жасқа дейін қырда мал баққаным әсер берген шығар. Аттан түспей жүрген қазақпын. Өйткені 50 жасымы дейін ешқашан көлік мінбегенмін", - дейді продюсер.Әрі қарай Алтынбек Рахметов әйеліне ризашылығын білдіріп, оның әрдайым қалай қолдау көрсететінін айтты.