Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогі: Қазақстандық спортшы жеңімпаз атанды

Спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогі: Қазақстандық спортшы жеңімпаз атанды

ҰОК
Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ришат Хайбуллин Алматыда өткен Азия кубогі кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық олимпиадалық комитет таратқан мәліметке сәйкес, отандасымыз «жылдамдық» санатында үздік атанды.
Финалда Хайбуллин жапониялық спортшы Цукики Онишиден басым түсті. Үшінші орынға Ре Омаса (Жапония) ие болды.
Әйелдер арасында Анна Баларшина мәреге бірінші болып жетті. Ол финалда отандасы Тамара Ұлжабаеваны қапы қалдырды. Үздік үштікті қазақстандық Аделия Өтешева түйіндеді
01 қыркүйек 2025 ж. 222 0