Енді бірнеше үйі мен көлігі барларға жәрдемақы төленбейді

- Мүгедектік бойынша зейнетақы және жәрдемақылар;
- Асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы;
- “Алтын алқа”, “Күміс алқа” сияқты марапатталған көпбалалы аналарға арналған төлемдер;
- “Еңбек ардагері” және “Ана даңқы” орденімен марапатталған аналарға арналған төлемдер;
- Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар.
Алайда жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен берілетін әлеуметтік қолдау шараларының жағдайы өзгеше. Министрдің сөзінше, өңірлерде төлемдердің мөлшері әртүрлі, әсіресе шалғай аймақтарда қолдау деңгейі төмен.
Министр әлеуметтік көмекті көрсетуде бұрынғыдай әлеуметтік категорияларға емес, нақты қажеттілікке негізделген тәсілге көшуді ұсынды.
"Енді көмекті беруде адамның әлеуметтік категориясына емес, оның нақты жағдайына басымдық беріледі. Мысалы, кейбір азаматтар, мысалы 4 айға дейін ауру немесе жұмыссыздық жағдайында болса, олар қазіргі кезде ешқандай әлеуметтік санатқа жатпайды да, көмек ала алмайды. Біз осындай адамдарға да қолдау көрсету қажет деп санаймыз", – деді Светлана Жақыпова.
Сонымен қатар министр әлеуметтік қызметтерді цифрландыру жайлы айтты. Қазіргі таңда 128 отбасы қолдау орталығы бірегей цифрлық платформаға ауыстырылып, 32 мыңнан астам маман – білім, денсаулық, спорт, мәдениет және басқа салалардан осы жүйеде бірлесіп жұмыс істейді.
Министр әлеуметтік қолдаудың оңтайландыруы жоғары табысты отбасыларға қатысты жүргізілетінін нақтылады.
Сондай-ақ мерекелік біржолғы төлемдер мен мектепке дайындыққа арналған көмектер де жоғары табысты отбасыларға көрсетілмейді.Егер отбасының жан басына шаққандағы табысы 4-тен астам ең төменгі күнкөріс деңгейінде (яғни шамамен 200 мың теңгеден жоғары) болса, әрі олардың бірнеше мүлкі мен автокөлігі бар болса, олар әлеуметтік қолдаудан тыс қалады. Мысалы, көпбалалы отбасылардың статусына қарамастан, мұндай отбасылар республикалық немесе жергілікті бюджеттен көмек ала алмайды, – деп түсіндірді министр.
Алайда министр республикалық бюджеттен төленетін негізгі жәрдемақылардың – көпбалалы аналар мен әлеуметтік мәртебеге ие азаматтардың төлемдерінің толығымен сақталатынын атап өтті.