Мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер қайта қаралуда

Жәрдемақылардың көбейтілу себебі 2023 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі коэфицентінің және айлық есептеу көрсеткіш коэфицентінің өзгеруіне байланысты болып отыр.
Сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері 1шілде 2023 жылдан 14,5 пайызға қайта қаралып көбейтіледі.
- Зейнетақы төлемі мүгедекттіке жеткізілген және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы;
- Жәрдемақы, алтын алқамен марапатталған аналарға, бұрын батыр Ана және Ана даңқы 1-2 дәрежедегі марапатталған аналарға;
- Мемлекеттік әлеуметтік мүгедектігіне байланысты жәрдемақы;
- Мемлекеттік әлеуметтік асыраушысынан айырылған деректі жәрдемақы;
- Бала кезінен мүгедектерді бағып камқор жасап отырғандарға;
- 1-ші топ мүгедектерге күтім жасап отырғандарға;
- Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты;
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер еніп отырғандығын мәлімдейміз.
Еркін АШЫҚБАЕВ,
«Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал аудандық бөлімінің басшысы