Маңызды жол дамуға бастайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Аралды қайта жандандыру – тек экология емес, бұл – әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықтың кепілі» – деп, бұл өңірде халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың маңыздылығына тоқталды. Аралды сақтау – ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Бұл бағытта мемлекет су ресурстарын тиімді басқару, каналдар жүйесін жетілдіру және көгалдандыру жұмыстарын қолға алмақ. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдармен бірлесіп кешенді экожоба дайындау жоспарланып отыр. Аралды қалпына келтіру мәселесінің Президент Жолдауында арнайы аталып өтуі – ел басшылығының экологияға деген жоғары жауапкершілігін көрсетеді. Бұл – тек бір өңірдің емес, бүкіл елдің тұрақты дамуына бағытталған шешуші бастама.
Берік СҰЛТАНИЯЗОВ,
Арал аудандық “Жастар” ресурстық
орталығының басшысы