Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ ҚОРЫНА 25 жыл

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ ҚОРЫНА 25 жыл

Арал теңізінің тартылуы, одан келген қасірет әлем назарын Аралға аударды.Бүгінде Арал теңізін қайта қалыпқа келтіру мақсатында Халықаралық Аралды құтқар қоры қарқынды жұмыс жасап, елдің әлеуеттін арттыруға көмек көрсетіп келеді.
2017 жылдың 30 мамыр күні  Қызылорда облысында өткен форумда 26 наурыз «Арал теңізі күні» деп белгіленген болатын. Және осы күні     «Халықаралық Аралды құтқару қорына» 25 жыл толып отыр. Осыған орай  «Халықаралық Аралды құтқару» қорының Қазақстан Республикасы бойынша атқарушы директорының орынбасары Марат Нарбаев   Арал қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді.  Алдымен«Рәміздер алаңына» көшет отырғызудан басталған  айтулы күннің шарасы  «Барсакелмес табиғи мемлекеттік қорығы» мекемесінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың қатысуымен өткен басқосу жиынына жалғасты. Жиын барысында Арал теңізі қалпына келтіру жолында жасалып жатқан жұмыстар барыс танытырылды. Сондай-ақ, Арал теңізін кұтқару бағытында жұмыс жасап жүрген қызметкелерге алғыс хаттар табысталып, мерекелік шараларға белсенді қатысатын оқушыларға сый сияпат жасалды.
Әрі қарай мерекелік басқосу оқушылар үйінің бүлдіршіндері әзірлеген мерекелік бағдарламаға жалғасты.
26 наурыз 2018 ж. 2 474 0