Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,8 трлн теңгеге жуық зейнетақы төленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Соның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 907,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 трлн 897 млрд теңге қарастырылған.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 503 мың адам.

"1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 142 894 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 95 326 теңге, базалық зейнетақы - 47 568 теңге", - деп жазылған хабарламада.

Фото: Н. Нұржаубай
24 қыркүйек 2025 ж. 41 0