Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ішім ашып тұр": Шиелі тұрғыны "Қайрат"-"Реал" матчының билетіне көлігін айырбастап жіберген

"Ішім ашып тұр": Шиелі тұрғыны "Қайрат"-"Реал" матчының билетіне көлігін айырбастап жіберген

Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тұрғыны "Қайрат" – "Реал" матчына кіру үшін BMW көлігін айырбастап жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
30 қыркүйекте өтетін матчқа билет таппаған ер адам көлігін айырбастап жібергенін айтты.
“Көлігін бір билетке ауыстырып жіберді. Жалғыз атын сойды деген осы” делінген видеода.
Сондай-ақ, қазақстандық жанкүйерлер Qazsport пен Qazaqstan арналарындағы онлайн-трансляциядағы ақауларға шағымданды.

Айтуынша, ер адам сайттан билет ала алмаған.

“Билет таба алмадық. Сайттағы сатылым жабылып кеткен. Біреу билет миллион теңге деді. Сосын менің көлігімді аласың дедім. BMW, пятерка. Негізі ішім ашып тұр”, – деді футбол жанкүйері.
01 қазан 2025 ж. 292 0