Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады

"Қазгидромет" РМК бүгін, 13 қазанда Қазақстанның үш қаласында – Алматы, Атырау және Жезқазғанда ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 13 қазанда Жезқазған мен Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген ресми хабарламада.

Мұндай жағдайлар атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әкелуі мүмкін. Себебі тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және ауа қабаттарының инверсиясы ластаушы бөлшектердің таралуына кедергі келтіреді.

Мамандар тұрғындарға денсаулық сақтау мақсатында ашық ауада ұзақ уақыт болмауға және мүмкіндігінше көлік қозғалысын шектеуге кеңес береді.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
13 қазан 2025 ж. 93 0