Ағымдағы жылдың 20 қазаны мен 19 қараша аралығында Қызылорда ст. КПб-не қарасты Арал теңізі ст.КПб-нің қызмет көрсету аумағында "БРАКОНЬЕР" өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс шара мақсаты: вокзалдарда, станцияларда, жолаушылар пойыздарында су аңдарын заңсыз аулау тасымалдау деректерін анықтап жолын кесуге, сондай-ақ, экологиялық қылмыстарды ашуға, азаматтарда аңшылық атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, суық қаруды сақтауына, алып жүруіне, аң, балық аулау, ағаш кесу, табиғатты пайдаланудың басқа да түрлерін дайындау құқығына, сондай-ақ биологилық ресурс объектілері мен өнімдерін тасымалдауға рұқсат құжаттарының бар-жоғы мәніне іс-шаралар өткізуге, зансыз алынған биоресурстар объектілері мен өнімдерін сатып алу, өткізу, сатудың алдын алып бақылауды күшейту. Арал теңізі ст. КПб.