Орманшылар күні – табиғат жанашырларын ұлықтайтын күн.

Орманшы болу – тек кәсіп емес, бұл – табиғатты шын жүректен сүю, ұрпаққа аманат етіп қалдыру. Орман өртінің алдын алу, ағаш егу, жануарлар мен өсімдіктердің мекенін қорғау – осы мамандық иелерінің күнделікті атқаратын басты істерінің бірі. Бұл әрқайсымыздың табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын есте сақтау мүмкіндігі. Орман қорын сақтау және көбейту үшін әрбір қазақстандық ормандарды көгалдандыру және қорғау жөніндегі акцияларға белсенді қатысуға тиіс.
Осы орайда Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері спорттық іс-шара ұйымдастырып, қорық қызметкерлері ұйымшылдығы мен шеберлігін көрсетті.
Нәтижесінде қатысушылар кубоктармен және марапаттармен марапатталды.
Салауатты өмір салты — біздің таңдаумыз! Орман – халықтың байлығы, ал оны қорғау – орманшылардың абыройлы міндеті.
Табиғаттың амандығы мен көркеюіне сіңірген еңбектеріңіз еселене берсін!
Ж.Қалдығұлова
Қоғаммен байланыс жөніндегі маман.