ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БЕКЕТІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
 Елдегі әлеуметтік нысандардың сапалы әрі уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ету мақсатында “AMANAT” партиясы жүйелі түрде партиялық бақылау бекеттеріне мониторинг жүргізіп келеді.
Елдегі әлеуметтік нысандардың сапалы әрі уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ету мақсатында “AMANAT” партиясы жүйелі түрде партиялық бақылау бекеттеріне мониторинг жүргізіп келеді.Осы ретте, “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ембергенова Нұрсәуле Сайлауқызы және комиссия мүшесі Мамбетов Жасұлан Серікұлы Мергенсай ауылдық округі, Жалаңаш елді мекенінде салынып жатқан 150 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты.
Білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бұл нысанның тапсырыс берушісі – Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Жобаның жалпы құны – 2 240 457 883 теңге. Мердігер ұйым – «Бақ-Береке 2030» ЖШС.
Мектептің екі корпусының шатыры жабылып, спортзалдың шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар терезелер орнатылып, сыртқы қаптау және ішкі әрлеу жұмыстары қатар атқарылуда. Ішкі жылу жүйелері мен батареялар да қойылып жатыр.
Мониторинг барысында партиялық бақылау комиссиясының өкілдері атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексеріп, мердігер мекеме өкілдерімен пікір алмасты. Сондай-ақ, нысанның уақытылы әрі сапалы аяқталуының маңыздылығына ерекше тоқталды.
“AMANAT” партиясы алдағы уақытта да аудан көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарын партиялық бақылауда ұстап, олардың сапасы мен тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек.
Бұл — партияның ел мүддесі жолындағы нақты істерге басымдық беріп, халық алдындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған жүйелі қадамының бір көрінісі.
#АМАНАТ
		






 
		 
		



