Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

28 қазанға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 28 қазанға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болжамға сәйкес, еліміздің батысында, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жауын-шашын күтіледі. Тек солтүстік, солтүстік-батыс, орталық өңірлерде жауын-шашын болмайды.

Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, батыста, оңтүстікте, шығыста екпінді жел тұрады деп күтіледі.

Ұлытау облысында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы, Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай және Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысында, Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
28 қазан 2025 ж. 87 0