Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ НЫШАНЫ

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ НЫШАНЫ

15 қараша – Қазақ халқы үшін ерекше күн. Себебі бұл күн – Ұлттық валюта – Тенге күні, Еліміздің  қаржылық тәуелсіздігін, егемендігі мен дербестігін айқындаған тарихи белес.
          1993 жылы айналымға енген теңге – тәуелсіз еліміздің алғашқы қаржылық қадамы, жаңа экономикалық бағыттағы бастауы болды. Теңге –тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігіміздің белгісі. Әрбір теңге бедерінде бабаларымыздың рухы мен тарихымыздың ізі, ел келешегінің үміті жатыр. Ол халқымыздың  сенімін, бірлігін және рухын біріктірген құнды символ.  Қазіргі таңда теңге экономикалық тұрақтылығымыздың басты кепілі, мемлекетіміздің сенімді тірегі.
          Егеменді еліміздің және ауданымыздың  экономикасының нығайуы мен дамуына бағытталған, бюджет қаражатының тиімді және мақсатты жұмсалуына  еңбек сіңіріп жатқан  Қаржы саласы қызметкерлеріне және барша халқымызға ұлттық валюта – теңге күні  құтты болсын!  Еліміздің еңсесі әрдайым биік, экономикасы берік, келешегі кемел болсын! Төл теңгеміз тұрақты, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Р. СЕРАЛИЕВА,
Арал аудандық қазынашылық басқармасының
басшысы
15 қараша 2025 ж. 70 0