Мемлекет экономикасының темірқазығы

Мемлекет мәртебесін өсіру мен экономикасының нығаюы жолында теңгенің орны қашанда ерек.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған алғашқы Жолдауында ұлттық валютаның əлеуетін күшейту мен елдегі ақша-несие саясатына бірнеше мəрте тоқталып, Ұлттық банк пен Үкіметке тиісінше тапсырма жүктегені мәлім. Мəселен, тұтыну несиесінің тым көптігін сынға алып, жедел шара қабылдау керектігін қадап айтқан еді. Ал "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты биылғы Жолдауында елімізде ақша-несие саясатын оңтайландыратын комитет құру қажеттігін айтты. Ұлттық банк қазір осыған қамданып жатыр. Бұл жұмыстармен жаңадан ашылатын комитет айналысады. Міндеті – ақша-несие саясатындағы шикіліктерді жою, теңгеге деген сенімді күшейту және инфляцияны тұрақты ұстау. Ел экономикасына ұзақ мерзімді шетел инвестициясын тартуға осы комитет жауапты болады. Бұл арнайы алқалы орган болады. Комитет жыл соңына дейін құрылады деп күтілуде.
Егеменді еліміздің және ауданымыздың экономикасының нығаюы мен дамуына бағытталған, бюджет қаражатын тиімді және мақсатты жұмсалуына еңбек сіңіріп жатқан қаржы саласы қызметкерлерін Ұлттық валюта – Теңге күні мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!
Раш Сералиева,
Арал аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары
Арал аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары