Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ – МҰСЫЛМАННЫҢ МІНДЕТІ

ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ – МҰСЫЛМАННЫҢ МІНДЕТІ

Мейірімі шексіз Алла Тағала күллі ғаламды шеберлігімен жаратып, адам баласына ерекше мәртебе берді. «Махаббат пен жаратқан адамзатты» Хақ Тағала адам баласын «ахсанутақуим», яғни еңкөркем бейнеде жаратты. Әлемдегі баршаигіліктерді оның қызметіне ұсынып, «Өзініңрухынан үрлеп», жан сыйлады. Жаратқан ЖаппарИеміз адамды өзінің халифасы ретінде жолдап, бойына жер бетін көркейтетін қарым-қабылеттердарытты. Күллі болмыс атаулыдан ерекшелеп, ақылсыйлап, сөйлей алатын, көретін, еститін, ойланып, қорытынды шығара алатын, даналық пен әрекетететін ардақты болмыс ретінде періштелердің өзіне бас идірді. Таңдау еркін, ақ пен қараны ажыратаалу қабілетін берді. Он сегіз мың ғаламның иесіҚұран аяттарында өзінің адамға жақын екенінбілдіру арқылы қаншалықты ардақты жаратылысекенін ұқтырды. Ислам діні адам баласын тірі күнінде ғана емес, дүние салғаннан кейін де құрметті етті. Соныменқатар Алла Тағала адам баласының мойнынақастерлі де қасиетті һәм ауыр аманатты артып, міндеттер мен жауапкерліктерді де қоса жүктеген. Бірінші кезекте әр адам өз өмірі мен істерінежауапты болса, екінші кезекте айналасындағылар мен қоғам алдында жауапты. Адам табиғатықауымдасып, қоғам ретінде өмір сүруге бейімжаратылғандықтан өз қабілет-қарымдарын қоғамішінде дамыта алады. 
Өз міндетін орындамай тұрып, өзгелерденақысын талап ете алмайды. Сондықтан да баршағаортақ құндылықтардың болуы – заңды құбылыс.Адам баласына атына лайық түрде өмір сүре білуіүшін құндылықтар жүйесі қажет. Құндылықтарадамның тұрмыс-тіршілігі, өмір-салты, діни әрідүниелік таным-түсінігі негізінде қалыптасады. Құндылықтар – адам өміріне бағыт-бағдар беріп, мән сыйлайтын, жоғары адамгершілік қасиеттержиынтығы. Адамның іс-әрекеттері қоғамдақалыптасқан құндылықтар негізінде бағаланады. Кез келген қоғамда ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасып келе жатқан діни жәнеұлттық құндылықтар жүйесі болады.
Сонымен қатар бір қатар құндылықтар тарихитәжірибе нәтижесінде қалыптасады. Сондықтанбарлық халық пен қоғамның өзіндік құндылықтарыболады. Мәселен, ұлттық құндылықтардың тарихиөзіндік ерекшелігі бар. Яғни, Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және сол секілді көрініс тапқанқандай да бір ұлт өкілдерінің рухани идеалдарыныңжиынтығы. Сол үшін әр ұлттың дүние танымы, ойлау түрі, ұлттық санасы және басқа да белгілі біржолмен үйлеседі.
Құндылықтар жүйесі – адамдардыңқажеттіліктері мен қатар мүдделерін де белгілейді. Адамдар соған сай өмір сүріп, сол жолда жасампазидеялар тудырады. Қоғам тіршілігінде рухани әріматериалдық құндылықтар қашан да өз ықпалынсездіріп тұрады.
Материалдық дүниеде өмір сүргендіктен адамбаласы көбіне материалдық игіліктерге басымдықберіп жатады. Түптеп келгенде материалдыққұндылықтар тұрақты емес әрі салыстырмалымәнге ие, ал рухани құндылықтар мәңгілікболғандықтан қашан да шешуші рөл ойнайды. Негізінен бұл екеуі – бір-бірін толықтырыптұратын нәрселер. Адамгершілік бастауысаналатын рухани құндылықтар адамның дүниегедеген қатынасын айқындап, өмір сүру пәлсапасынқалыптастырады, ізгі қоғам құру жолына бастайды. Жан дүние тазалығы, байлығы қоғам бағдарынбелгілейді. Мәдениет пен өркениет көрсеткіші тек қана материалдық игіліктермен өлшенбейді, олжоғары адамзаттық құндылықтар негізіндеқалыптасып, дамиды.
Адам баласы жоғары адамгершілік құндылықтарды өмірінің өзегіне айналдыру арқылы қоғамды жамандықтардан, азғындықтан қорғайды. Діни-рухани құндылықтар адамдыжаратылу мақсатына сай өмір сүруіне жетелеп, кемелдену жолына бастайды. Қазақстанмұсылмандары діни басқармасы діни және ұлттыққұндылықтардың сақталуы мен насихатталуынаөзіндік үлесін қосып келеді.
Құндылықтардың насихатталуы мен дәріптелуінде ілкімді істер мен ауқымды шараларатқарып келеді. Бұл алдағы уақытта да өз жалғасынтабады.

Нұржан КЕҢЕСХАНОВ,
Жақсықылыш мешітінің бас имамы
23 қараша 2025 ж. 63 0