Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 24 қарашада Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.Синоптиктердің дерегінше, Алматы, Атырау, Шымкент, Ақтөбе және Балқаш қалаларында ластаушы заттардың ауада жиналуына ықпал ететін метеожағдайлар қалыптасады.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына себеп болатын әлсіз жел, тұман, тыныштық және инверсия сияқты қысқа мерзімді табиғи факторлардың жиынтығы.
Мамандардың айтуынша, мұндай кезде қалаларда ауа сапасы төмендеп, бұл тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуы көбіне желдің жылдамдығы, ылғалдылық, жауын-шашын және ауа температурасы секілді синоптикалық жағдайларға байланысты.
Тұрғындарға ауа сапасы туралы жедел ақпаратты ресми дереккөздерден қадағалап отыру ұсынылады.
24 қараша 2025 ж. 59 0