Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК ЖОБАСЫ АЯСЫНДА “ШЕКСІЗ АРМАН” АТТЫ КЕШ ӨТКІЗІЛДІ

КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК ЖОБАСЫ АЯСЫНДА “ШЕКСІЗ АРМАН” АТТЫ КЕШ ӨТКІЗІЛДІ

“AMANAT” партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Зағиптар күніне арналған “Шексіз арман” атты рухани-мәдени кеш ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – көру қабілеті бұзылған азаматтарға қоғам тарапынан қолдау көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік жігерін халыққа кеңінен насихаттау, сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін жандардың әлеуметтік белсенділігіне дем беру.
Кеш барысында қатысушыларға арнайы әзірленген концерттік бағдарлама ұсынылып, жергілікті өнерпаздар жүрекке жылы әсер сыйлайтын әндер мен күйлер орындады.

Сонымен бірге, “AMANAT” партиясы атынан қатысушыларға арнайы бағалы сыйлықтар табысталды. Бұл – партияның әлеуметтік қолдауға бағытталған бастамаларының бірі ретінде, ерекше жандарға деген құрметтің нақты көрінісі болды.

Кеш соңында қатысушылар ұйымға өз алғыстарын жеткізіп, осындай қоғамдық шаралардың көбірек өткізілуі қажеттігін атап өтті. “Шексіз арман” кеші мейірімділікке, қоғамның бірлігі мен қолдаудың маңыздылығына тағы бір мәрте назар аудартқан тағылымды жиын ретінде есте қалды.
24 қараша 2025 ж. 110 0