Нысандардағы пандустарға мониторинг жүргізілді
“AMANAT” партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудан аумағындағы әлеуметтік нысандар мен қызмет көрсету орындарында ерекше жандардың еркін қозғалуына арналған инфрақұрылымның қолжетімділігіне мониторинг жүргізілді.Арнайы құрылған топ өкілдері бірқатар мекемелерді аралап, пандустардың талапқа сай орнатылуы, қауіпсіздік деңгейі және қолжетімділігі бойынша тексеру жұмыстарын жүзеге асырды. Мониторинг барысында нысандардың кіреберісіндегі пандустардың еңіс бұрышы, қоршаулардың болуы, тактильді жолақтар мен арнайы белгілердің орнатылуы назарға алынды.
Жобаның негізгі мақсаты – ерекше жандардың әлеуметтік нысандарға еш кедергісіз баруына, қоғам өміріне еркін араласуына жағдай жасау. Партия өкілдерінің айтуынша, осындай жүйелі мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, қорытындысы тұрақты түрде бақылауға алынатын болады.
“AMANAT” партиясы барлық азаматтарға тең мүмкіндік беруді және инклюзивті қоғам құруды басты міндет деп санайды. Сондықтан қолжетімді орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар күн тәртібінен түспейді.









