Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі құқық бұзушылықтарға төзбеушілік

Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі құқық бұзушылықтарға төзбеушілік

(Сурет: ​gov.kz​​​)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2025 жылдың 10-айының қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік жауаптылыққа тартылуы жағдайына талдау жүргізді.
Талдаумен мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің қоғамдық тәртіпке, имандылыққа қол сұғатын, басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын, көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтарына қатысты келесі баптары 434, 439, 440, 441, 443, 444, 446, 449, 450, 482, 490, 608, 613 қамтылды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі құқық бұзушылықтарға төзбеушілік болып табылады (Заңның 4-бабы 
 14-тармағы).
Дегенмен, талдау қорытындысы нәтижелерімен мемлекеттік қызметшілер тарапынан қоғамдық тәртіпке, имандылыққа қол сұғатын және көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтары аясында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің(бұдан әрі – Кодекс) 434 (8 адам), 441 (2 адам), 608 (1 адам) баптары бойынша  кейбір мемлекеттік қызметшілер тартылғаны белгілі болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 10-тармағына  мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
Заңның 10-бабына сәйкес қызметтік әдепті сақтау мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері болып табылады.
Заңның 44-бабы 1-тармағына сәйкес қызметтік әдепті бұзуы тәртіптік теріс қылық болып табылады.
Бұдан бөлек, Заңның 45-бабы 1-тармағынасәйкес  тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.
Осыған орай, Департамент тарапынан теріс қылық жасалған күннен бастап алты ай өтпеген 3 (үш) мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік мәселесін қарастыру туралы мемлекеттік органдарға хаттар жолданды.
Кодекстің 434-бабымен әкімшілік жазаға тартылған 6 және 
441-бабымен 1 мемлекеттік қызметшілердің теріс қылық жасалған күннен бастап алты ай мерзім өтуіне байланысты олардың тәртіптік мәселесін қарастырылмады.
Кодекстің 608-бабымен тартылған 1 мемлекеттік қызметші «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза тартылған.
Сонымен қатар, ауылдық округінің әкімі Кодекстің 434-бабына сәйкес әкімшілік жазағаға тартылғандығы анықталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №156 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы»Ереженің 6-тармағының 7)-тармақшасында «Әдеп жөніндегі кеңес қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалалардың әкімдеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдеріне, С-О-1,С-О-2, С-R-1, С-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-0-2, Е-1, Е-2, 
Е-R-1, Е-R-2 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ дербес лауазымға орналасқан әдеп жөніндегі уәкілге қатысты тәртіптік істерді қарайды.
Осыған орай, ауылдық округінің әкіміне қатысты Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығымен қызметтік тергеп тексеру жүргізілуде, алдағы уақытта оның тәртіптік мәселесін қарау Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңеске ұсынылады.
Алдағы уақытта да бұл бағытта Департаментпен жұмыстар жалғасын табады.
 
Н.Ж. Алиев,
Департаменттің
мемлекеттік қызмет саласындағы
бақылау басқармасының
бас маманы
            
25 қараша 2025 ж. 70 0