ТОЛҚЫННЫҢ ТҮСТЕРІНЕ ТІЛ БІТКЕНДЕ...
Аудандық «Толқын» газетінің тарихында «Толқын» есімін еншілеген жас өрендер аз емес. Солардың бірі – 75 жылдық мерейтой қарсаңында Елешовтер отбасында дүниеге келген Толқын Абайқызы. Басылымды құрметтеп, әулеттің қуанышына ортақтасқан журналистер қауымының «меншікті қызы» Толқын бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Графикалық дизайнер» мамандығының 3-курс студенті Ол көркемдік ойлау қабілеті жоғары, шығармашылыққа ерекше бейімі бар жас суретші. Әр туындысынан түске деген сезімталдық, композициялық тепе-теңдікті дәл табу, образды терең ашуға деген ізденіс анық байқалады.Толқынның жұмыстары нәзіктік пен эмоциялық тереңдікті ұштастырады. Ол табиғат көріністерін де, адам портреттерін де ерекше шынайылықпен, жылы бояу ырғақтарымен жеткізеді. Картиналарындағы ойлы көзқарас, ішкі сезім әлемін көрсетуге деген талпыныс бояу арқылы кейіпкердің көңіл күйін дәл беріп, көрерменді өз әлеміне еріксіз жетелейді.Толқын Жайшылық – өз мамандығын шын жүрегімен сүйетін, білімге құштар, ізденімпаз студент. Бейнелеу өнеріне деген махаббаты оның күнделікті еңбегінен, жаңа техникаларды меңгеруге деген ынтасынан және шығармашылыққатабандылығынан анық көрінеді. Салған суреттері – жас таланттың өнерге адалдығын және үлкен шығармашылық болашақтың бар екенін көрсететін жарқын дәлел. Оның жұмыстары көркемдік сапасымен, бояу мәдениетімен және көрерменге әсер ететін терең мазмұнымен ерекшеленеді.
Г.САҚТАПОВА









