Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУ-2025: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЖАҢА ДӘУІР ДІҢГЕГІ

ЖОЛДАУ-2025: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЖАҢА ДӘУІР ДІҢГЕГІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы ел тіршілігіндегі маңызды міндеттерді айқындап берді.
Онда жасанды интеллект, цифрландыру, мемлекеттік басқаруды оңайлату, инвестиция тарту, адами капиталды дамытуға ерекше ден қойылған. Жолдау жасанды интеллектіні енгізу арқылы еліміздің саяси жүйесін жетілдіру, экономиканы әртараптандыру бағытындағы маңызды бастамалармен ерекшеленді.
Біздің міндетіміз – ұлттық стратегияны жергілікті деңгейде іске асыру, цифрлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып тұрғындардың өмір сапасын жақсарту және экономиканы жандандыру. 
Салмағы басым саяси құжаттың маңыздылығы халықаралық сарапшылардың да назарын аударды. Бұл жөнінде байыпты пікірлер ағыны анық байқалады. Президент Жолдауына әлемнің көптеген мемлекеттерінен сарапшылар түрлі пікір білдірген.
Ресей Федерациясының Дума депутаты Владимир Павлов: Қазақстан Президентінің Жолдауында күрделі кезеңде билік өкілдеріне халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмысшы мамандықтарға басымдық беру, көші-қон мәселесін назардан тыс қалдырмай, барлық маңызды салалардың қамтылғанын айрықша атап өтті.
Түркия Сыртқы істер министрлігінің экс-дипломаты, саясаттанушы және аймақтық зерттеулер маманы, Каппадокия университетінің оқытушысы Мелих Демирташ: «Бауырлас мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллект, сондай-ақ инфрақұрылым мен транзит мәселелерін ерекше атап өтуі Анкара үшін үлкен экономикалық әрі стратегиялық мүмкіндік. 
Әсіресе, 2023-2025 жылдары екі ел арасында көптеген келісімдер мен инвестициялық жобалар бекітілгені осының дәлелі. Тіпті, Түркия кейбір тәжірибелерді, қазақ бауырлас ұйымдарыныңжұмысын үлгі ретінде алады. Сарапшылар мен бизнес қауымдастықтары да мұны «мүмкіндіктер тізімі» деп қабылдады» - деген болатын.
Бұл халықаралық сарапшылар айтқан пікірлердің бір шоғыры ғана. Мемлекет басшысы Алаштың анасы атанған Сыр өңіріне қай кезде де қамқор қолын созып, жанашыр пейілін тоқтатқан емес.  Бұл Жолдауда да ерекше ықылас байқалды.Әлем назарын аударған Арал мәселесі – бұл жолы да Президент назарынан тыс қалған жоқ.
Соның бірі – ғасыр жобасына баланған Кіші Арал теңізін сақтап қалу. Теңізді қалпына келтіру, су қорын үнемдеу үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтқан Мемлекет басшысыбұл бағыттағы бастамалардың қарқынды жалғасуын тапсырды.
Бүгінде Мемлекет басшысы саясатының арқасында ауданда қуаттылығы 30 мың тоннаболатын 10 балық өңдеу зауыты жұмыс істеуде. Оның ішінде, 6 зауыт балықты терең өңдеу технологиясын пайдаланып, өнімін алыс-жақын елдерге экспорттауда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретін болады. 
Сыр өңірі, оның ішінде Арал үшін Жолдауда айтылған тағы бір маңызды жаңалық «Сексеуіл-Бейнеу» бағытындағы автомобиль жолы құрылысын бастауды жеделдету тапсырмасы.
Жол – экономиканың күретамыры. Бұл жоба көлік-логистика инфрақұрылымының дамуынаайрықша серпін беріп, өңіріміздің әлеуетін арттырып, туризм саласының тамырына қан жүгіртетіндігі айқын. Бұл еліміздің оңтүстігін, қала берді Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің көлік қозғалысын жаңа белеске шығаратын үлкен мүмкіндік. 
Мемлекет басшысының 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекендерді түгелдей таза ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес қайтарылған заңсыз активтер есебінен биылғы жыл Арал ауданында ең шалғай орналасқан 5 елді мекен ауыз сумен қамтылуда (Тастүбек, Ерімбетжаға, Тоқабай, Абай, Ақбасты).
Бұдан бөлек, қайтарылған заңсыз активтер есебінен Арал қаласынан аудандық аурухана жанынан жапсаржай құрылысы мен жаңадан 25 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің ғимараты бой көтеруде. Аталған нысандар заманауи жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталып, жыл аяғына дейін халық игілігіне берілетін болады.
Мемлекет Басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ауданымызда 300 орындық 2 заманауи білім ордасы бой көтеріп, 1200 оқушының алтын ұясына айналды. Ауданымызда биылдың өзінде 2 «Келешек мектебін» қосқанда 5 заманауи мектеппайдалануға берілді.
Президент Жолдауында инвестиция тарту жұмыстарына басымдық берілді. Біз бұл жұмыстарды жүзеге асыруға міндеттіміз. 2025 жылдың соңына дейін ауданда құны – 7 млрд теңге болатын жеке инвестиция есебінен 4 жоба іске қосамыз. Олар «Qazaq Camel» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауытын салу» жобасы, «Эко Энерджи Плюс» ЖШС-нің «Арал ауданында автомобиль газ толтыру компрессорлық станциясы бар көпфункционалды жол бойындағы кешен салу» жобасы, «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің «Жоғары сұрыпты ас тұзының өндірісі» жобасы,«Petro Retail PFS» ЖШС-нің «Жол бойы қызмет көрсету орталығын ашу» жобасы. Қазіргі таңда, «Арал Сода» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құны 150,5 млрд теңгеболатын «Кальциленген сода шығару зауыты» жобасы Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылатын болады.
Мұнымен қатар, аудан шаруаларының сұранысына сай маңызды инвестициялық жобаның бірі - «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауытын салу».
Осы жобалар арқылы тұз және сүт өнімдерініңжаңа бренді нарыққа енеді.
Алдағы жылдың бағдарын айқындайтын маңызды саяси құжат халықпен белсенді диалог орнатуды, жасанды сананың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, экономиканың түрлі саласын жетістіктерге бастауға жетелейді. 
Қазірдің өзінде Жолдауды іске асыру бағытында кешенді шаралар басталды. 
Оның айғағы ретінде Мемлекет басшысы«Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын айтсақ болады. Бұл Заң бұған дейін әлемнің дамыған 39 елінде қабылданған. Жасанды интеллект – ертеңгі күннің емес, бүгінгі күннің шындығы.
Аралдықтар Жолдауды Қазақстанның цифрлық даму бағытында жаңа кезеңге көшуі жолындағы маңызды қадамын айқындайтын тарихи құжат ретінде бағалайды.
Нақтыласақ, Сексеуіл кенті мен Қосаман, Ақеспе, Ақбасты және Құланды елді мекендеріне жол қатынасы жеңілдеп, тұрғындар жаңа жұмыс орындарымен қамтылуына және кәсіпкерліктің дамуына мол мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар өңірдің туристік әлеуетін арттыруға оң септігін тигізбек.
Өздеріңізге белгілі, Аралдың экологиялық қасіреті әлемге белгілі. Теңіз төсіндегі түрлі табиғи мұралармен қатар, тарихи құнды жәдігерлерді әлем назарына ұсыну мақсатында Орта Азияда алғаш болып «Геопарк» ашылғанын айта кетуіміз керек. «Geopark Aral» жобасы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, экологиялық жағдайдың оңалуына, өңірге туристерді тартуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мол мүмкіндіктер туғызады деп күтілуде.
Алдағы уақытта осы жолдың игілігін ауданға қарасты ауылдарда тұратын 15 мыңға жуық халықтан бөлек, көптеген жолаушылар мен алыс-жақын шет мемлекеттерден келген қонақтар көретін болады. 
Бұл Мемлекет басшысының Сыр өңіріне, соның ішінде Аралға деген көзқарасының ерекше екенін байқатады.
Президент бастамалары елді әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыруға негізделген. Саяси құжат «дәстүрлі» экономикадан «инновациялық, технологиялық, цифрлық» бағытқа апаратын маңызды бағдар.

Аманжол Оңғарбаев,
Арал ауданының әкімі
09 желтоқсан 2025 ж. 122 0