Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық жұмысқа тартылды

Қоғамдық жұмысқа тартылды

Сурет: baribar.kz

Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен азамат Е-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес азамат Е. Арал аудандық сотының 2016 жылғы 8 ақпандағы сот бұйрығымен өндіріп алушы И-дың пайдасына ¼ бөлігінде алимент төлеуге міндеттенген. Алайда, Е. алимент төлеуден жалтарып, сот актісін орындамаған. Оның бүгінгі күнге алиментке қарызы 3 511 877  теңгені құраған.
Сот отырысында Е. кінәсін толық мойындап, тұрақты жұмысы болмағандықтан алимент төлеуге мүмкіндігі болмай жүргенін көрсеткен.
Сот қаулысымен Е. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 20 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған.
 
Арал аудандық соты
12 желтоқсан 2025 ж. 95 0