Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы қорынан қандай төлем алуға болады?

Зейнетақы қорынан қандай төлем алуға болады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтарға бірнеше төлем түрін ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жасқа байланысты төлемдер
Азамат зейнет жасына жеткен кезде, жинақталған қаражаты есебінен ай сайын зейнетақы төлемін алады. Бұл – БЖЗҚ-ның негізгі төлем түрі.
Мүгедектік бойынша төлемдер
Зейнет жасына дейін I және II топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар тұлғалар ай сайынғы төлем алуға құқылы.
Ерікті жарналар бойынша төлемдер
Ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдер 50 жастан бастап жүзеге асырылады. Сонымен қатар бұл төлемдер мүгедектігі бар азаматтар мен Қазақстаннан тыс тұрақты тұруға кеткен адамдар үшін де қолжетімді.
Елімізден тыс тұрақты тұруға кеткен азаматтарға арналған төлемдер
Басқа елдің азаматтығын алған немесе шетелге тұрақты тұруға көшкен, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар өз жинақтарын толық көлемде ала алады.
Қайтыс болуына байланысты төлемдер
Зейнетақы жинағы бар азамат қайтыс болған жағдайда, оның жақындарына 94 айлық есептік көрсеткішке дейін жерлеуге арналған біржолғы төлем беріледі. Қалған зейнетақы жинақтары заңды мұрагерлеріне төленеді. Айта кету керек, жұмыс берушінің міндетті жарналары мұраға қалдырылмайды.
Барлық төлем түрлері туралы толық ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Ал әр төлемнің шарттары мен құжаттарды рәсімдеу тәртібі келесі материалдарда жеке-жеке түсіндіріледі.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
22 желтоқсан 2025 ж. 53 0