Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Пиротехникалық бұйымдарды қолданудағы қауіпсіздікті сақтайық

Пиротехникалық бұйымдарды қолданудағы қауіпсіздікті сақтайық

Құрметті Арал қаласының қонақтары мен тұрғындары!
Жаңа жылдық мекемелері қарсаңында 2-ші кезең ағымдағы жылдың желтоқсан айының 20-сы мен 2026 жылдың 03-ші қаңтар аралығында Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөліміне қарасты Арал теңізі ст.ЖПб қызмет көрсету аумағында "ПИРОТЕХНИКА" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты - заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық бұйымдары сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, сертификаты жок өнімді көтерме саудада жеткізушілерді анықтау, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды сату кезінде туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады. Пиротехникалық өнімдердің заңсыз сатылуының жолын кесу мақсатында бөлімше қызметкерлері Арал теңізі станциясында орналасқан дүкендерде тұрақты түрде тексерулер жүргізіледі.
Көлік объектілерінде балалардың жарақаттануының алдын алу үшін полиция қызметкерлерімен күнделікті түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Арал теңізі ст.ЖПб бастығы
полиция капитаны
С.Есмурзаев
24 желтоқсан 2025 ж. 297 0