1 қаңтардан бастап не өзгереді?
Қазақстандықтардың өмірінде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап не өзгереді? BAQ.KZ тілшісі шолу жасады.
Айлық есептік көрсеткіш өседі
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңге болды, енді 2026 жылдан бастап 4 325 теңге болады. Сәйкесінше, әлеуметтік төлемдер көлемі де, айыппұл көлемі де артады.
Ең төменгі жалақы қанша болады?
2026 жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңге, яғни 2025 жылдағыдай деңгейде қалады.
Зейнетақы қанша теңге болады?
Базалық мемлекеттік зейнетақы төлемі 35 596 теңгеге дейін өседі (2025 жылы – 32 360 теңге).
Ең төменгі зейнетақы да артады – 2025 жылғы 62 771 теңгеден 2026 жылы 69 049 теңгеге дейін.
2026 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңге болып белгіленді (2025 жылы – 46 228 теңге).
Жәрдемақы өседі
Бала туған аналарға бір реттік мемлекеттік жәрдемақы беріледі:
- 1-3 баланың тууына бір реттік төлем 38 АЕК – 164 350 теңге;
- 4 және одан да көп балаға 63 АЕК – 272 475 теңге.
Ал бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне ай сайын жәрдемақы беріледі.
Жұмыс істемейтін әйелдерге республикалық бюджеттен мынадай жәрдемақы беріледі:
- бірінші балаға – 5,76 АЕК, ол 24 912 теңге;
- екінші балаға – 6,81 АЕК, ол 29 453,25 теңге;
- үшінші балаға – 7,85 АЕК, яғни 33 951,25 теңге;
- 4 және одан да көп балаға – 8,90 АЕК, яғни 38 492,5 теңге.
2026 жылдан бастап көпбалалы аналардың жәрдемақысы өседі.
- 4 баланың жәрдемақысы 16,03 АЕК – 69 329,75 теңге;
- 5 баланың жәрдемақысы 20,04 АЕК – 86 673 теңге;
- 6 баланың жәрдемақысы 24,05 АЕК – 104 016,25 теңге;
- 7 баланың жәрдемақысы 28,06 АЕК – 121 359,5 теңге.
Осылайша, әр бала үшін 4 АЕК – 17300 теңге қосыла береді. Мәселен, 12 баланың жәрдемақысы 207 600 теңге .
Сондай-ақ көпбалалы ананың наградасын алғандардың жәрдемақысы көтерілді.
- "Алтын" алқа", "Батыр ана", I және II дәрежелі "Ана даңқы" үшін 7,40 АЕК – 32 005 теңге;
- "Күміс алқаға" 6,40 АЕК – 27 680 теңге.
Құжат жасату қымбаттайды
2026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды.
АЕК өсіміне байланысты келесі жылы мемлекеттік баж мөлшерлері де қайта есептеледі.
- 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік паспорт – 17 300 теңге (4 АЕК). 2025 жылғы көрсеткіш – 15 728 теңге.
- 36 беттік стандартты паспорт – 34 600 теңге (8 АЕК). 2025 жылы – 31 456 теңге.
- 48 беттік паспорт – 51 900 теңге (12 АЕК). Биыл – 47 184 теңге.
- Жеке куәлік – 865 теңге (0,2 АЕК). 2025 жылы – 786 теңге.
Жеке куәлігін бір жылда екі реттен жиі жоғалтқан азаматтар 1 АЕК (4 325 теңге) көлемінде төлем жасайды.
Жүргізуші куәлігі келесі жылдан бастап 5 406 теңге (1,25 АЕК) тұрады.
Неке қию куәлігіне де жаңа тариф енгізіледі – 1 АЕК (4 325 теңге).
Ал ажырасу туралы өтініш бергендер 8 650 теңге (2 АЕК) төлейді. Бұл – 2025 жылғы мөлшерлемеден (7 864 теңге) жоғары және некені тіркеуден екі есе қымбат.
Туу туралы куәлік бұрынғыдай тегін беріледі. Алайда құжат жоғалған жағдайда немесе қайта рәсімдеу қажет болса, ата-аналар 0,5 АЕК (2 163 теңге) төлейді.
Айыппұлдар өседі
1. Мемлекеттік рәміздерді қорлау – 3 000 АЕК, 12 975 000 теңге
2. Қоқыс қалдыру (бірінші рет) – 20 АЕК, 86 500 теңге
Бір жыл ішінде қайталаса – 30 АЕК, 129 750 теңге
3. Тыныштықты бұзу (жеке тұлға, бірінші рет) – 5 АЕК, 21 625 теңге.
Қайталаса (жеке тұлға, қайталау) – 10 АЕК, 43 250 теңге
Кәсіпкерлер тыныштықты бұзса – 20-150 АЕК, 86 500 – 648 750 теңге
4. Қоғамдық орында түкіру / белгіленбеген жерде қоқыс тастау (бірінші рет) – 5 АЕК, 21 625 теңге.
Бұл әрекетті қайталаса – 10 АЕК, 43 250 теңге
5. Көлікті жүргізу кезінде телефон пайдалану немесе қауіпсіздік белбеуін тақпау – 5 АЕК, 21 625 теңге
6. Құжатсыз көлік жүргізу – 20 АЕК, 86 500 теңге
Ал көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушіге көлік жүргізса – 50 АЕК, 216 250 теңге немесе 20 тәулікке қамау
7. Автобуста жолақыны төлемеу – 2 АЕК, 8 650 теңге
8. Жолаушыларды билетсіз тасымалдау – 5 АЕК, 21 625 теңге
9. Кәмелетке толмағандардың түнде жүруі (ата-анаға) – 3 АЕК, 12 975 ₸
Кәмелетке толмағандар түнде жүргені бір жыл ішінде қайталанса ата-анасына – 7 АЕК, 30 275 теңге
Ойын-сауық мекемесінің иелеріне айыппұл – 10-100 АЕК, 43 250 – 432 500 теңге
10. Жолды кесіп өту (бірінші рет) – 2 АЕК, 8 650 теңге
Бұл әрекет қайталанса – 10 АЕК, 43 250 теңге
11. Жылдамдықты 10–20 км/сағ асыру – 5 АЕК, 21 625 теңге
Жылдамдықты 20–40 км/сағ асыру – 10 АЕК, 43 250 теңге
Жылдамдықты 40 км/сағ асыру – 20 АЕК, 86 500 теңге
Жылдамдықты қайталап асырғаны үшін (бір жыл ішінде) – 30 АЕК, 129 750 теңге
12. Қоғамдық орында балағат сөз айту – 20 АЕК, 86 500 теңге немесе 30 тәулікке қамау
Үйде балағат сөз айту – 5 АЕК, 21 625 теңге
Мұғалімді немесе дәрігерді балағаттау – 10 АЕК, 43 250 теңге
Мобильді аударымдар тексеріледі
Егер жеке тұлғаның шотындағы операция төмендегі екі шартқа бір уақытта сәйкес келсе, ол кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс белгісі болып есептеледі:
- 3 ай ішінде 100 және одан көп әртүрлі жеке тұлғадан ақша түсуі;
- Түскен қаражаттың жалпы сомасы ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 12 еселенген мөлшерінен асуы.
2026 жылғы есеп бойынша бұл сома – 1 020 000 теңге.
Бұл талаптар кәсіпкерлікке арналмаған жеке банктік шоттарға қатысты қолданылады.
Мысал:
Егер азамат өзінің жеке шотына мобильді аударым арқылы:
- Наурызда – 100 немесе одан көп адамнан;
- Сәуірде – 100 немесе одан көп адамнан;
- Мамырда – 100 немесе одан көп адамнан
және жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асатын ақша алса, оның мәліметтері банктер арқылы Мемлекеттік кірістер органдарына жіберіледі.
Жаңа Салық кодексі күшіне енеді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап төлқұжаттық жаңа Салық кодексі қолданысқа енеді.
ҚҚС ставкасы өзгерді. Базалық ставка 16% болады. Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге 2026 жылы 5% (2027 жылы – 10%). Тегін медициналық қызметтер, әлеуметтік сақтандыру жүйесі, кейбір қызметтер мен кітап басып шығару жұмыстары толық салықтан босатылады. Бұдан өзге де өзгерістер болады.
Оқушылар ІІІ тоқсанды бастайды
Оқушылардың қысқы каникулы 7 қаңтарда аяқталады. Сөйтіп 8 қаңтардан бастап балалар ІІІ тоқсанды бастайды.
Қаңтарда демалыс болады
2026 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар Жаңа жылға орай 1, 2 қаңтарда демалады. Сондай-ақ 4-5 қаңтар сенбі-жексенбіге түскендіктен, отандастарымыз 4 күн қатарынан демалады. Ал 5 қаңтар жұмыс күні.
Ал Рождество күніне орай 2025 жылдың 7 қаңтарында, сәрсенбі қосымша демалыс болады.
Жеке куәлік тегін беріледі
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке куәлік алғаш рет берілген кезде және жарамдылық мерзімі аяқталған соң ауыстырылған жағдайда тегін рәсімделеді.
БЖЗҚ-дан қаражат алу шегі өседі
2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеу барысында БЖЗҚ Қазақстан Республикасының «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңында бекітілген негізгі параметрлерге сүйенді. Атап айтқанда, есептеулердің негізіне ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге, ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге, сондай-ақ күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге алынған.
Осы есептеулердің нәтижесінде 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектері өткен жылмен салыстырғанда өсті.
Жасына қарай БЖЗҚ-дағы жеткілікті шегінің кестесін мына жерден толығырақ оқуға болады.
МӘМС-те өзгерістер болады
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандырылған мәртебесі бар қазақстандықтар МӘМС аясында жоспарлы түрде медициналық қызметтердің кең спектрін ала алады. Қазіргі таңда жүйеде шамамен 17 млн адам немесе ел халқының 82%-дан астамы сақтандырылған. Олардың 12 млн-нан астамы жеңілдігі бар санаттарға жатады, ал шамамен 4,5 млн адам жарналарды өздері төлейді.
Жаңа жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті едәуір кеңейеді. Оған қант диабеті, балалар церебралды сал ауруы, ревматизм және дәнекер тіндердің жүйелі зақымдануы секілді созылмалы аурулар енгізіледі. Бұл диагнозы бар науқастар дәрігер кеңесін, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін және емделуді толықтай сақтандыру жүйесі есебінен алады.
Фото: Н. Нұржаубай










