Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседі

2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседі

2025 жылдан бастап елімізде зейнетақы мен жәрдемақылар қанша теңгеге өсетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1 АӘК 3 932 теңге болады.
ең төменгі жалақы 85 мың теңге (2024 жылдағыдай);
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге (қазір 3 692 теңге);
зейнетақының ең төменгі мөлшері - 62 771 теңге (қазір 57 853 теңге);
ең төменгі күнкөріс деңгейі - 46 228 теңге (қазір 43 407 теңге);
базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 32 360 теңге (қазір 28 215 теңге).
Бұл ретте жасы мен еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерін 8,5%-ға арттыру жоспарланып отыр.
Өздеріңізге мәлім, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге болады. Сәйкесінше, әлеуметтік төлемдер көлемі де артады.
Жәрдемақы қанша теңгеге өседі?
Бүгінгі таңда бала туып, бала бағып отырған аналарға отбасының табысына қарамастан 5 түрлі жәрдемақы беріреді.
Олар мынылар:
1) жұмыс істейтін аналарға, егер олар Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының қатысушысы болса, жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем төленеді;
2) бала тууға байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы беріледі:
- 1-3 баланың тууына бір реттік төлем 38 АЕК – 149 416 теңге;
- 4 және одан да көп балаға 63 АЕК – 247 716 теңге.
3) бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне ай сайын жәрдемақы беріледі:
- жұмыс істемейтін әйелдерге республикалық бюджеттен жәрдемақы беріледі. Атап айтқанда, бірінші балаға – 5,76 АЕК, ол 22 648,32 теңге, екінші балаға – 6,81 АЕК, ол 26 776,92 теңге, үшінші балаға – 7,85 АЕК, яғни 30 866,2 теңге, 4 және одан да көп балаға – 8,90 АЕК, яғни 34 994,8 теңге;
- жұмыс істейтін әйелдерге, егер олар Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болса, бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем соңғы екі жылдағы орташа айлық табысының 40 пайызы көлемінде төленеді;
4) баласы бір жарым жасқа толғанға дейін анасы оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алушылардың пайдасына қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналары бюджет қаражаты есебінен субсидияланады;
5) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғаны үшін жәрдемақы өседі.
Сонымен қатар кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар аналарға жәрдемақы бала санына сәйкес сараланып төленеді.
- 4 баласы бар отбасылар үшін жәрдемақы мөлшері 16,03 АЕК – 63 029,96 теңге;
- 5 баласы бар отбасылар үшін 20,04 АЕК – 78 797,28 теңге;
- 6 баласы бар отбасылар үшін 24,05 АЕК – 94 564,6 теңге;
- 7 баласы бар отбасылар үшін 28,06 АЕК – 110 331,92 теңге;
- 8 және одан да көп балалардан – әр балаға 4 АЕК.
Алты және одан да көп баланы дүниеге әкелген аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгісімен марапатталады. Оларға ай сайын сәйкесінше 7,4 АЕК, яғни 29 096,8 теңге және 6,4 АЕК, яғни 25 164,8 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Зейнетақы қанша теңге болады?
2025 жылдан бастап:
Базалық зейнетақы төлемі – 6,5 пайызға (еңбек өтіліне байланысты ол өмір сүру минимумының 70-тен 110 пайызына дейін болады):
ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге (айлық минимумның 70 пайызы);
ең жоғары сома – 50 851 теңге (айлық минимумның 110 пайызы).
Базалық және бірлескен төлемдерді ескере отырып, зейнетақының жалпы мөлшері:
зейнетақының ең төменгі мөлшері – 95 131 теңге;
зейнетақының ең жоғары мөлшері – 213 046 теңге;
Кім зейнетке ерте шыға алады?
  • 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер - 53 жаста;
  • Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарында 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған әйелдер – 45 жаста, ерлер – 50 жаста.
  • Еңбек жағдайы зиянды жерде жұмыс істейтіндер 55 жаста зейнетке шыға алады.
Еске сала кетсек, 2022 жылы әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деп белгіленген болатын. Яғни 2023 жылдан бастап 2028 жылға дейін әйелдер 61 жасында зейнетке шығады. Бес жылдан кейін зейнеткерлік жас жарты жылға көтеріліп, 2031 жылы 63 жасқа жетеді деп жоспарланып отыр. Сөйтіп ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасы бірдей болады. Яғни ерлер елімізде 63 жасында зейнетке шығады.
10 қараша 2024 ж. 116 0