Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заң мен тәртіп – қоғам дамуының негізгі

Заң мен тәртіп – қоғам дамуының негізгі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың соңында өткен құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында: «Заң – қысым көрсетуге немесе қудалауға арналған құрал емес. Заң – әр адамның құқығы мен бостандығының қорғаны. Біз осы ақиқатты терең түсінетін азаматтық және мәдени орта қалыптастыруымыз қажет. Тәртіп жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну әркімнің өмір салтына айналуға тиіс. Мемлекеттік аппарат пен бүкіл қоғам жұмылып жұмыс істесе, еліміз көздеген мақсатына жетеді. Озық ойлы ұлт болу үшін әдептілік, өзара құрмет, ұстамдылық, сыпайылық сияқты қасиеттерді барынша дәріптеген жөн деген болатын.
Бүгін өңірде жұмыс сапарымен болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты және Мәжілісі депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемұлы, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев облыстық прокуратура ұжымымен кездесіп, заң мен тәртіп қағидаттарының орындалуы мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында құқықтық нормалардың сақталуы, заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы өзекті мәселелер талқыланып, өңірде атқарылған жұмыстармен танысты.
Халық қалаулылары атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, құқық қорғау органдары мен заң шығарушы биліктің өзара іс-қимылын күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Жиын барысында облыс прокуроры Ризабек Ожаров депутаттарды құқықтық нормалардың сақталуы, заңдылықты нығайту бағытындағы  бірлескен жұмыстарға ризашылығын білдіріп, арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

kyzylorda-news.kz
07 қаңтар 2026 ж. 156 0