Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылшаруашылығы бағытында ауқымды жұмыстар бар

Ауылшаруашылығы бағытында ауқымды жұмыстар бар

Осы аптада Арал аудандық аумақтық инспекциясында ҚР АШМ ВБжҚК-нің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Е.Апетовтың төрағалығымен жиын болып өтті. Арал аудандық аумақтық инспекция ветеринариялық санитарлық  инспекторлары, Қызылорда облыстық ветеринариялық басқармасының Арал ауданы бойынша өкілі, Арал аудандық ветеринариялық зертханасы, Арал аудандық ветеринариялық станциясының мамандарының қатысуымен өткен жиында сөз айлған Е:Апетов күн тәртібіндегі мәселе бойынша жергілікті жердің эпизоотиялық жағдайын қатаң бақылауда ұстау керек екеніне тоқталды. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі А. Бердалиннің 2025 жылғы 13 желтоқсандағы №17/433 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарлары иелері арасында цифрлық жүйелерді пайдалану, ауыл шаруашылығы жануарларын БАБЖ (ИСЖ), Төрт түлік және басқада цифрлық модульдерге тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, индикативті жоспардың орындалуы мен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша баяндады.
Иә, атқарылған бағытта ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар көп. Мәселен ауылшаруашылығы жануарларының иелеріне мәлімет үшін жануарларды есепке алу: АШМ-де мал иелері үшін пайдалы мобильді қосымша әзірленді. Қазақстанда 2023 жылдың 18 шілдесінен бастап ауылшаруашылығы жануарларының иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасы іске қосылды. Жобаны Ауылшаруашылығы министрлігі АӨК-дегі экономикалық саясатты талдау орталығымен бірлесіп жасады.
Қосымша ауылшаруашылығы жануарларының базасын кеңейтуге көмектеседі, әрбір жануар иесі (ШҚ, ЖШС, ЖҚШ және т.б.) өз малына түгендеу жүргізе алады. Осының арқасында ветеринарлар ветеринарлық-профилактикалық шараларды уақтылы және толық көлемде жүргізуге мүмкіндік алады.
Қолданба смартфон арқылы жұмыс істейді. Бағдарлама арқылы ветеринариялық төлқұжат алуға болады және болашақта малды сатып алу-сату, сырғасы жоғалған кезде сырға ауыстыру, сондай-ақ жануарды есептен шығару рәсімдерін жасауға болады.
«TortTulik» ауыл тұрғындары үшін ақпараттық хабқа айналады. Қолданбада саланың соңғы жаңалықтарын жіберу мүмкіндіктері, алдағы вакцинация туралы хабарламалар және басқа да мүмкіндіктер бар. Қолданба жаңартылған сайын ет сатып алушыларға арналған бөлім енгізіледі. «TortTulik» Android Play market-тен жүктеуге қолжетімді.
Айта кетейік, мобильді бағдарламаның пайдаланушылары аудан бойынша 6588 мал иесі тіркелген.
Оңталап ЖОЛДАСОВ
16 қаңтар 2026 ж. 200 0