Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорқор тарту қаншалықты қауіпті?

Қорқор тарту қаншалықты қауіпті?

Халықтың  санитариялық-эпидемиологиялық  салауаттылығы  төңірегінде  көтеріліп   жатқан сұрақтардың  мақсаты- адам ағзасын, өмір сүру  ортасын  қоршаған  ортаның   зиянды  әсерлерінен  сақтау. Бүгінгі  күннің  бір мәселесі  көп  жағдайда  адам баласы  қызығушылықпен  бастап, кейін  тәуекелділікке алып келетін  қорқорды  пайдалану  болып отыр. Казіргі кезде көпшілігіміз қорқорды зиянсыз ермек деп санаймыз. Қорқордың денсаулыққа зияны жоқ,ал сулы сүзгіші түтіннің токсиндерін тазартады деп алданбау керек! Қорқор-бұл улардың, қара майдың, канцерогендер мен бактериялардың өте зиянды қоспаларын адам ағзасына тез жеткізетін «сәнді» аппарат.Қорқор түтінінің улылығы сигарет түтінінен бірнеше есе жоғары,оның құрамында қара май мөлшері 36 есеге,көміртек монототығы-30 есе, улы иісті газ-8,4есе,никотин-7,5есе жоғары.Британия дәрігерлері қорқордың бір порциясын шегуді 100 сигаретке теңестірген.Темекінің кез-келгенінде де, қорқор құрамында да никотин болады. Қорқордың бір толтырымында 6,25мг,сигаретте -0,8мг никотин болады. Қорқор тартуды енді бастағандарда никотинге тәуелділікке душар болады.Қорқор тартатын адам сигарет шегетінге қарағанда 14 есе көп түтінді иіскеп, бойына сініреді.Әрі осы кезде улы иісті газдың көп мөлшерін өкпесіне сіңіреді.
            Қорқорға арналған шегу қоспаларының қалай әзірленетінін көбінесе ешкім тексермейді. Оған есірткі қосатын жағдайлар да орын алады, бұл қорқордың зиянды әсерін күшейте түседі.Қорқордағы көмір 600-650 градусқа дейін қызады, ал түтінмен бірге қорқор тартушының өкпесіне никотинмен қатар бензапирен (өкпе обырын туындататын) және ДНК мутациясына төзімді,тұқым қуалаушылықпен берілуге икемді канцероген сияқты қауіпті заттар да сіңіріледі.Қорқор түтіні қорқор тартушының қанына канцерогендерді (обырды туындататын заттар) және өкпе тінін зақымдайтын ұшпалы альдегидттерді тікелей  жеткізеді. Сигарет түтінімен салыстырғанда қорқор түтінінің құрамында пиреннің 75,6 есе және ди-бензоантрацидтің 245есе жоғары екені анықталған.
            Улылығының жоғары болуына байланысты қорқор таратушылардың өкпе обырымен сырқаттану қауіпі 2 есе,жүрек қантамыр ауруларымен сырқаттану каупі 2,2есе, респираторлық аурулар мен риниттер 2,3есе,альвеолит3,7есе, ерлердің белсіздігі 2,5 есе, остеопороз бен ауыз қуысы патологиясы 3-5 есе жоғары болады. Қорқор тартылатын бөлмеде темекі түтіні мен жанған көмірдің түтіні тұнып тұрады, бұл топтағы темекі шекпейтін адамдарға қосымша зиян келтіреді. Қорқор тартылатын бөлменің ішінде болу 100-ден 200дейін шегілген сигареттің зиянына бара-бар болады.Қорқор сұйығында ауыз қуысының инфекциялық ауруларын- гингивиттер, пародонтоз бен ойық жараларды туындататын бактериялар жиналады.
            Бірреттік түтікшелер құтқармайды, өйткені бактериялар қорқордың түтігінде де, қуысында да тіршілік етеді.Қорқорды тарту кезінде түтікшені бір-біріне ұсыну дәстүрі «А»гепатит, туберкулез, ұшық сияқты инфекциялар мен басқа да вирустық аурулардың таралуына ықпал етеді. Қорқордың зияны мұндай жағдайларда аса қауіпті болады.
          Сондықтан да Сіздерді  қорқор  өнімін  тұтынбай   салауатты  өмір  салтын  сақтауға  шақырамыз!
А.САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасы басшысы
Фото: www.gov.kz
23 қаңтар 2026 ж. 81 0