Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "BIR TOLQYNDA” : Жастар құқықтық мәдениет тақырыбында пікір алмасты

"BIR TOLQYNDA” : Жастар құқықтық мәдениет тақырыбында пікір алмасты

Қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастардың заңға деген жауапкершілігін арттыру және отбасы құндылықтарын насихаттау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “BIR TOLQYNDA” диалог алаңы аясында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жастар бастауыш партия ұйымының өкілдері, Арал ауданы Полиция бөлімінің отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының қызметкерлері және қала орталығындағы кітапхана оқырмандары қатысты. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қоғам үшін өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Жиын барысында отбасы институтының маңызы, отбасы ішіндегі өзара сыйластық, жауапкершілік пен түсіністіктің рөлі ерекше аталып өтті. Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы мемлекеттік саясат, заң талаптары, сондай-ақ мұндай жағдайлардың қоғамға тигізер кері әсері жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, мамандар отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жанжалдардың бейбіт жолмен шешілу тетіктері, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы нақты мысалдар келтіре отырып баяндады. Қатысушыларға қиын жағдайға тап болған кезде жүгінуге болатын мекемелер мен заң аясында көрсетілетін қолдау түрлері туралы да ақпарат берілді.
#АМАНАТ
23 қаңтар 2026 ж. 94 0