Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес: заң мен сана арасындағы үйлесім

Біздің елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес заңнамалық деңгейде жүзеге асырылып келеді. 2009 жылы "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" Заң қабылданды. Сонымен бірге, 2024 жылы қабылданған өзгерістер әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға бағытталған. Дегенмен, көптеген жағдайлар отбасы арасында жасырын күйінде қалып отырғаны белгілі. Яғни, кей жәбірленушілер әлеуметтік қысымнан немесе қауіптен қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбейді.
Қоғамның моральдық, құқықтық, адами қағидаларын бұзатын күрделі мәселеге айналып отырған бұл нәрсенің алдын алу үшін елімізде көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Оны тек заңмен ғана емес, санамен, тәрбиемен және қоғам болып бірлесіп шешкенде ғана жеңуге болады. Әрбір азамат зорлық-зомбылыққа жол бермеуге өз үлесін қосуы тиіс.
Арал аудандық Полиция бөлімі Жергілікті полиция қызмет бөлімшесі
Фото: www.instagram.com