Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

(Сурет: ​gov.kz​​​)

Арал ауданында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы басталды. Аталған акция 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Акцияның негізгі мақсаты – қоғам назарын әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ отбасының қоғамдық рөлін нығайту. Қазіргі таңда тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қабылданып жатқан профилактикалық шаралар таныстырылуда.Акция аясында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, көшелерде және халық көп жиналатын аймақтарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізуде. Мақсат – тұрмыстық жанжалдарды ерте анықтап, зардап шеккен азаматтарға уақытылы көмек көрсету.
Егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, үнсіз қалмаңыз. Кез келген жағдайда құқық қорғау органдарына немесе дағдарыс орталықтарына жүгінуге болады.
Облыс көлеміндегі дағдарыс орталықтарының сөнім телефоны: «Қамқорлық» дағдарыс орталығы: 8 (7242) 30-25-40 , 8-777-340-87-34 , 8-777-456-11-06 .
Арал аудандық «Отбасын қолдау орталығы»: 2-65-98
Арал ауданы полиция бөлімі: 102

Әл-Фараби МАНАСОВ,
Арал аудандық полиция бөлімінің
отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы
күрес тобының инспекторы, полиция капитаны
27 қараша 2025 ж. 57 0