Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды

Қызылордада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды

Әйелдерге қатысты әр түрлі дискриминация түрлерін жою туралы   конвенцияға сәйкес 25  қарашада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Оған Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкері полиция капитаны Светлана Баймағамбетова, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетов қатысты.
 Спикерлер акция барысында әйелдерге қатысты жасалатын зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға,  ана мен баланы қорғауға,  қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталатынын атап өтті.
 Тұрмыстық зорлық-зомбылық әлеуметтік мәселеге айналып келеді. Оларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында барлық жағдай жасалған. Қазір төсек орнын санын 60-қа жеткіздік. Жыл басынан бері 300-ге адамға түрлі көмек көрсеттік. Оның 209-ы балалар, – деді «Қамқорлық» дағдарыс орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетов.
Сонымен қатар акция кезінде халық арасында отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы ақпараттық-насихаттау жұмысы болып табылады.
Ұйымдастырушылық мәселелерін шешу үшін іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, жұртшылықты тарта отырып, сондай-ақ ҮЕҰ-ның өкілдері қатарынан жұмыс топтары  құрылды.
kyzylorda-news.kz

24 қараша 2020 ж. 934 0