Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық акциясы басталды

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық акциясы басталды

25 қараша – 10 желтоқсан аралығында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекет» республикалық акциясы өтуде.Акцияның негізгі мақсаты – қоғам назарын әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ отбасының қоғамдық рөлін нығайту.
Мақсат – тұрмыстық жанжалдарды ерте анықтап, зардап шеккен азаматтарға уақытылы көмек көрсету.
Отбасын қолдау орталығы бұл бастаманы қолдайды және кездесулер, түсіндірме жұмыстары, ақпараттық парақтар тарату және кеңестер беру сынды түрлі шараларды жүзеге асыруда.
25 қараша 2025 ж. 278 0