Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасындағы озбырлыққа жол жоқ

Отбасындағы озбырлыққа жол жоқ

Елімізде отбасы институын нығайтып, қоғамдағы түрлі келеңсіздіктердің алдын алу мәселесі қозғалғанмен, одан айтарлықтай нәтиже шықты деу қиын. Жұмыс жүргізіліп жатыр, алайда тұрмыстық зорлық-зомбылық сипатындағы әрекеттер тыйылмай тұр. Тіпті қоғам болып күрес жүріп жатқанына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылық әлем елдерін алаңдатып отыр. Бұл әрине аяқ асты пайда бола қойған жоқ. Сонау ерте кезден жалғасып келе жатқан отбасылық дау-жанжалдарың бір тармағы.
Бүгінде ҚР ІІМ 2021жылғы 13 қарашадағы #1-5-6-74/3505-И санды хатына сәйкес республикалық дәрежеде аудан көлемінде әйелдерге қатысты кемсітушіліктердің барлық нысандарын жою туралы Конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан айлары аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – қоғамның әлсіз тобына – әйелдерге, аналарға, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, болдырмауға ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасы рөлін нығайтуға,  азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға  бағытталған және осы бағытта атқарылып жатқан шаралармен таныстыру болып табылады.
Бұл мәселе бойынша 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою туралы декларацияны қабылдаса, 2014 жылы әйелдер мен қыздарға қарсы зормбылықтың алдын алуда Ыстанбұл конвенциясы қабылданды. Ал 2015 жылы БҰҰ мүше елдер 2030 жылға дейінгі тұрақты дамуға байланысты күн тәртібін бекітті. Қазақстан зорлық-зомбылықтың барлық түрімен күрес механизмдерін жолға қойғанына қарамастан, соңғы бес жылдағы саны артқан. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 8,6 пайызды құраса, 2020 жылы 20 пайызға жеткен, ал орташа деңгейдегі қасақана әрекеттер 2015 жылы – 2, ал 2019 13 пайызды құраған.
Зорлық-зомбылықтың салдарынан пандемия кезінде әйелдер мен балалар, қарт адамдар мен мұқтаж жандар көп зардап шекті деп айтуға болады. Оның сан түрлі себептері болуы мүмкін. Біз солардың бастылары жұмыссыздық, ақпараттың аздығы және құқықтық білім деңгейінің төмен болуы сияқты дәлелдерді айта аламыз. Ал онымен күресте алдын алу мен пайда болу себептері анықталуы қажет.
Бұл мәселеге байланысты аудандық ЖПҚб ӘЗЗҚ тобы тарапынан тиісті жұмыстар қолға алынып келеді. Айталық, жыл басынан бері 170 азаматқа қатысты шағым түсіп, Арал АПБ «қорғау нұсқама» санатымен профилактикалық есебіне алынған. Десе де тұрмыстағы осындай озбырлықтың жазасы жеңіл болғандықтан, азаматтардың мұндай әрекеттерге қайта бару жағдайлары жиі кездесіп жатады. Сондықтан бұл мәселемен күресте қоғам болып бірігу маңызды.
Гүлжанат Қуанышбаева,
Арал АПБ ЖПҚб ӘЗЗҚ тобының инспекторы, полиция капитаны
04 желтоқсан 2021 ж. 648 0