Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Семинар-тренинг өткізілді

Семинар-тренинг өткізілді

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Қосжар» бастауыш партия ұйымында «Отбасы – елдің тірегі» атты семинар-тренинг өткізілді.

Шараға бастауыш партия ұйымының мүшелері, ауыл тұрғындары, жастар мен ұстаздар қатысты. Семинар-тренингтің мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық береке мен бірлікті сақтаудың маңызын насихаттау болды.
Басқосуда қатысушыларға психологиялық және құқықтық тұрғыда кеңестер беріліп, отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті нығайтудың жолдары талқыланды. Тренинг барысында түрлі жаттығулар жүргізіліп, қатысушылар пікір алмасты.

Жиын соңында сөз алғандар отбасын қоғамның берік іргетасы ретінде сақтау баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

#АМАНАТ
03 қазан 2025 ж. 77 0