Жалаңтөс Баһадүр аллеясы қардан тазартылды
Бүгін аудан орталығында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында даңқты қолбасшы, тарихи тұлға Жалаңтөс Баһадүр аллеясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.Акция барысында аллея аумағы қардан тазартылып, демалыс орнының айналасы ретке келтірілді. Тазалық жұмыстарына партия филиалының қызметкерлері, партия белсенділері мен жастар өкілдері қатысып, ортақ іске жұмыла кірісті. Мұндай шаралар қоғамдық орындардың көркейіп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға оң ықпал етеді.
Айта кету керек, биыл қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің туғанына 450 жыл толып отыр. Осыған орай аллея аумағында жүргізілген тазалық жұмыстары тарихи тұлғаға деген құрметтің нақты көрінісі ретінде бағаланды.
Акция аясында белсенді жас Нұрсұлтан Шарапатов өз пікірін білдіріп:
«Бүгін Жалаңтөс Баһадүр аллеясында өтіп жатқан “Таза бейсенбі” экологиялық акциясы қоғам үшін аса маңызды бастамалардың бірі деп есептеймін. Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып қана қоймай, ортақ іске жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Қоғамдық орындардың тазалығы – әр азаматтың ортақ міндеті», – деді.
Оның айтуынша, тазалық жұмыстарының жүйелі түрде ұйымдастырылуы қала келбетінің жақсаруына, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы ортада демалуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұндай экологиялық акциялар азаматтарды бірлікке шақырып, жастарға үлгі бола алады.
Жалпы, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тиімді бастама ретінде алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, қоғамдық сана мен экологиялық жауапкершілікті арттыруға өз үлесін қоса бермек.
#АМАНАТ











