"Таза Бейсенбі" акциясы аясында саябақта тазалық жұмыстары жүргізілді

Бүгінгі іс-шараға партия мүшелері, аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері мен ерікті жастар белсене қатысты. Олардың барлығы Арал қаласындағы тұрғындар жиі демалатын «Сақина» аллеясында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орынның абаттандырылуына үлес қосты.
Акция барысында саябақ аумағындағы қоқыстар жиналып, жасыл желектердің айналасы ретке келтірілді. Сонымен қатар орындықтар мен жаяу жүргіншілер жолының маңы да тазаланды. Мұндай игі шараның басты мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақыру және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Белсенді жас Диас Демеуов акцияға қатысып:
– Қоршаған ортаны таза ұстау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Табиғатты аялау – келер ұрпаққа деген жауапкершілігіміз. Партиямыздың экологияға деген ұстанымы құптарлық, біз осы бағытта әрқашан белсенділік танытуға дайынбыз, – деп пікір білдірді.
Фракция мүшелері де бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, табиғатты қорғау ісіне үлес қосу әр азаматтың парызы екенін жеткізді.
“Таза бейсенбі” акциясы алдағы уақытта да аудан көлемінде жалғасын тауып, барлық елді мекендерде өткізіледі деп жоспарлануда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тек тазалықты қамтамасыз етіп қана қоймай, ел ішінде ынтымақ пен жауапкершілікті арттырады.
#AMANAT