«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Ол жаңа экологиялық сана қалыптастырып, азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. Акция Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өтуде.
Бүгін «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен Арал қаласында орналасқан “Домбыра” аллеясына көркейту көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, тазалық акциясы ұйымдастырылды. 

Аллея аумағы қоқыстар мен арамшөптен тазартылды.
Игі іске аудандық мәслихат депутаттары және партия мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар үлес қосты.

