ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қала тазалығына үлес қосқан азаматтар белгіленген сектор бойынша аудан орталығындағы түрлі қоғамдық орындар мен мекемелер аумағын ретсіз тасталған қоқыстардан тазалады. Сонымен қатар арнайы техникалардың көмегімен қоқыс алаңдары тегістеліп, жиналған тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы қоқыс алаңына жеткізілді.
Тазалық жұмыстары барысында көше бойлары, қоғамдық орындар, әлеуметтік нысандардың төңірегі ретсіз тасталған күл-қоқыстар мен керексіз заттардан тазартылды.
Туған өлкенің, өскен ортаның таза болуы бағытында қолға алынған жұмыстар бір реттік науқан ретінде емес, жалпыхалықтық акция ретінде кең ауқым алып келеді. Осы ретте жерлестерімізді тазалық мәселесіне ерекше ден қойып, ауданымыздың келбетін келісті етуге үлес қосуға шақырамыз.