Тазалық шарасы өтті

Тазалық жұмыстары барысында көше бойлары, қоғамдық орындар, әлеуметтік нысандардың төңірегі ретсіз тасталған күл-қоқыстар мен керексіз заттардан тазартылды.
Сенбілікке арнайы техникалар жұмылдырылып, тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы қоқыс тастайтын орындарға жеткізілді.
Жалпы ауданынымыздың тазалығы бір реттік немесе бір айлық шаралармен шектеліп қалмауы керек. Осы орайда барша туған жеріне, өсіп-өнген ортасына жанашырлықпен қарайтын жерлестерімізді тазалық мәселесіне ерекше ден қойып, біркісідей атсалысып, ауданымыздың келбетін келісті етуге үлес қосуға шақырамыз.

