Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалыққа талап босаңсымайды

Тазалыққа талап босаңсымайды

Кеше аудан көлемінде кезекті сенбілік өткізілді.
Тазалық жұмыстары барысында көше бойлары, қоғамдық орындар, әлеуметтік нысандардың төңірегі ретсіз тасталған күл-қоқыстар мен керексіз заттардан тазартылды.
Қала тазалығына үлес қосқан азаматтар белгіленген сектор бойынша аудан орталығындағы түрлі қоғамдық орындар мен мекемелер аумағын ретсіз тасталған қоқыстардан тазалады.
Ауданның тазалығы бір реттік немесе бір айлық шаралармен шектеліп қалмайтыны белгілі. Барша туған жеріне, өсіп-өнген ортасына жанашырлықпен қарайтын жерлестерімізді тазалық мәселесіне ерекше ден қойып,  біркісідей атсалысып, ауданымыздың келбетін келісті етуге үлес қосуға шақырамыз.

"Толқын" ақпарат
18 мамыр 2025 ж. 51 0