“BIR TOLQYNDA” диалог алаңында аға буын өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті
Өңірімізде рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды шаралар легі жалғасын табуда. Соның бірі – “BIR TOLQYNDA” диалог алаңында өткен аға буын өкілдерімен кездесу кеші. Аталған шара биыл өңіріміздің тумасы, мәдениет майталманы, соғыс ардагері Құдайберген Жасекеновтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылып, ардақты азаматтың «Өнер мен дәулет қонған жер» атты кітабына кең көлемде талдау жасалды.Шараның негізгі мақсаты – соғыс ардагері, ел мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан Құдайберген Жасекеновтің өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, ұлттық рухты көтеру және тарихи тұлғаларға деген құрметті арттыру болды.










