Өнердің кеншісі болған абыздың туғанына 100 жыл

Қызы Сабила Жасекенова, қарындасы Зибагүл Жасекенова мен кітапхана саласының ардагері Роза Бәйімбетова, ауданымызға танымал жыршы Жұбаниязов Серікқали, аудандық тарихи өлкетану мұражайының қызметкері Рзағазиева Индира, сонымен қатар Арал индустриалдық-техникалық колледж студенттері, кітапханашысы Бүркітбаева Гүлзира және №220 мектептің кітапханашылары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында Құдайберген Жасекеновтің өмірі мен еңбек жолы бейнебаян арқылы таныстырылып, абыздың ұзақ жылғы жасаған, ұрпаққа үлгі болар ерен еңбегі туралы естеліктер айтылды.
Кеш қонақтары Серікқали Жұбаниязов, Бәйімбетова Роза апай мәдениет пен өнердің майталманы Құдайберген ағайдың, киелі мекенімізге ұзақ жылғы жасаған еңбегінің зор екендігіне,бірге жүрген кездегі қызықты естеліктерімен жарасымды әзілдерін еске алса, қарындасы Жасекенова Зибагүл ағасының тапқырлығын, қамқорлығын, ақылшы болғандығын айтты. Ал қызы Сабила отбасында жайлы қамқор әке болғандығын,тәрбиесіне көп мән бергенін және әрқашан ауызбіршілік пен сыйластыққа тәрбиелегендігін айтып әкесін мақтанышпен есіне алды.
Кеште аудандық тарихи өлкетану мұражайының қор сақтаушы қызметкері Рзағазиева Индира мұражайда сақталған Құдайберген ағайдың өзі ұстап тұтқан құжаттары, жазбалары, киген киімдерінің мұражай қорында сақталғанын айтып, таныстырып өтті. Белгілі жыршы Серікқали Жұбаниязов бала кезінде өнер жолын таңдауға тікелей әсер еткен, батасын алған ұрпағы ретінде естеліктерімен бөлісіп,жырдан шашу шашып,кештің көркін кіргізді.
Өлкеміздің мәдениетінің дамуына мол үлес қосқан мәдениет майталманы Құдайберген Жасекеновтің ұзақ жылғы еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге болмақ.Кеш соңында «Өшпес өнеге» атты кең көлемді кітап көрмесі таныстырылды.
Жаңалық ТӨЛЕГЕНОВА,
кітапханашы