Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мәдениет-елдің рухани мұрасы

Мәдениет-елдің рухани мұрасы

tolqyn.kz  Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі биылғы жылы ауқымды істер атқарып, ауданның мәдени-танымдық жағынан дамуына үлес қосып келеді. Арал ауданында жалпы 72 мәдениет мекемесі бар.  Аудандық мәдениет үйі,  қалалық мәдениет үйі, аудандық мәдениет орталығы, 4 кенттік және ауылдық мәдениет үйі, 23 ауылдық клуб, 39 кітапхана (оның ішінде 33 кітапхана ауылдық жерде),  аудандық тарихи-өлкетану музейі,  балықшылар музейі, Арал қалалық тарихи музейі халыққа қызмет көрсетеді.
Бұл мәдениет мекемелерінде  127 үйірме бар. Онда  1614 өнерпаз өнерге үйренуде. Ауданның мәдениет мекемелері жыл басынан бері 1592 іс-шара өткізген.
Мемлекеттік тіл саясаты
2022 жылдың ақпан-сәуір айларында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында аудан орталығында «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» акциясы ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараларға бөлім қызметкерлері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық өкілдері, Қызылорда облыстық оқыту орталығының Арал ауданы бойынша қызметкерлері және аудан еріктілері, жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Акция барысында Арал қаласындағы 100-коммерциялық нысандар зерделенді. Нәтижесінде көрнекі ақпараттары (маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына қайшы келетін 15 кәсіпкерлік мақсаттағы нысан иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, маңдайша жазулары мен басқа да көрнекі ақпараттардың мәтіндерін жазу және орналастырудың схема-үлгісі ұсынылып, әдістемелік көмек ретінде жадынамалар таратылды.
2022 жылдың 22 маусымында Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттердi жасау кезінде құжаттарды мемлекеттік тілде ұсыну мәселесі бойынша жергілікті нотариустарға бөлім тарапынан хабарлама таратылып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күнін атап өтуге байланысты Арал ауданының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 13 қыркүйек күні бөлімнің ұйымдастыруымен мерекелік шара өткізілді. Шара барысында тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосып жүрген  аудандағы тіл жанашырлары аудан әкімінің, бөлім басшысының және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының алғыс хатымен марапатталып,  сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, 05-қыркүйек күні 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне  және  ұлы ағартушы А. Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай    «Қазақ тілін түлеткен тұлға»  жыр мүшайрасы, 3 қыркүйекте «Тұғырыңда асқақташы, ұлық тіл» тақырыбында  мерекелік кеш, 06 қыркүйекте «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты кеш т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды.
2022 жылғы 28 қыркүйек айында Қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін  латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру мәселесіне байланысты әлеуметтік тапсырыс негізінде 16 сағаттық семинар өткізілді. Қатысушылар саны 35.
Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы
Қазіргі таңда Арал ауданы бойынша мемлекеттік тізімге енгізілген 
64тарихи-мәдени мұра обьектілері бар. Оның ішінде: республикалық маңызы бар -1, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген -39, алдын-ала есепке алынған  тарихи-мәдени объектілері - 24.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссия отырысының 2021 жылдың 24 желтоқсандағы №8 хаттамасы негізінде аудан бойынша бұрынғы теміржолшылар ғимараты, Баспақ кесенесі және Ұзақбай Қараманов мүсіні тарихи-мәдени мұра обьектілерінің алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілді.
Осыған байланысты, 2022 жылы наурыз және маусым айларында аталған тарихи-мәдени мұра обьектілеріне тарихи-мәдени мұра объектілеріне ескерткіш мәртебесін беру немесе алдын-ала есепке алу тізімінен шығарып тастау үшін тарихи-мәдени сараптама жүргізілді.  
Арал аудандық мәдениет үйі бойынша
2022 жылдың 10 айында 805 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 165873 көрермен қамтылды. Оның 253 онлайн жүйесінде жүргізіліп, 62636 қаралым болды.
Қазақтың ақыны, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Дәуірдің жарық жұлдызы - Ахмет Байтұрсынұлы» атты тақырыптық кеші өткізіліп желіге жарияланды. Қаралым саны 480.
Сексеуіл ауылдық мәдениет үйінде ақын, жазушы Зейнулла Шүкіровтің туғанына 95жылдығына арналған "Толқында туған талант" атты кешін, 31 қаңтар күні  ҚР Халық әртісі,әнші Роза Бағланованың туғанына 100жылдығына орай «Сырдың сұлу еркесі»  атты  сазды кеші желі көрермендеріне жарияланды.
Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде 1 ақпан күні КСРО және Қазақстан Халық әртісі, Халық Қаһарманы әнші Роза Бағыланованың 100 жылдығына арналған «Дауысың таза бұлақтан, үнің кетпес құлақтан» атты аймақтық ән байқауы өткізілді.
Аудандық мәдениет үйінде Қазақтың көрнекті жазушысы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Молдахмет Қаназовтың 80 жасқа толуына арналған «Ұшқыр қиялды, қаламгер» атты әдеби кеш өткізілді.
Аудандық мәдениет үйінде «Маржан сөз, қоңыр үн» атты аудандық концерт жүргізушілер байқауы өткізілді. Бөген ауылдық клубында дарынды ақын, құрыш қолды қаламгер З.Шүкіровтың шығармаларын насихаттау, өнерпаздарды шығармашылыққа тәрбиелеу мақсатында "Жауһар жырмен тербеткен ақын аға" атты көркемсөз оқу шеберлерінің аймақтық байқауы өткізілді.
Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов – ұлы суреткер» атты әдеби кеші өткізілді.
Аралқұм ауылдық клубында Елбасы балалар жылына байланысты 12-15 жас аралығында қыз балалар арасында "Бұрымды ару" атты ауылдық байқауы өткізілді.
 «Ақ босағаның алтын діңгегі- әжелер» атты әжелер ансамбльдерінің  аудандық байқауы өткізілді. Аққұлақ ауылдық клубында Құрыш қайсар ақын-жазушы З.Шүкіровтың туғанына 95 жыл толуына орай, болып өткен," Ғазиз жүрек" атты аймақтық жазба ақындар мүшайрасы өткізілді.
Қарашалаң ауылдық клубында әнші, халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 100 жылдығына орай "Өнермен өрілген өнегелі өмір" атты аймақтық байқауы өткізілді.
Наурыз мерекесіне орай «Жауқазын жер, Жаңа күн – Ұлы Наурыз» атты театрландырылған қойылым орталық алаңда өткізілді.
Ауылдық мәдениет үйі мен клуб кәсіпорын қызметкерлерінің арасында «Жеті қазына» атты ашық аспан астындағы аудандық байқауы өткізілді.
КСРО-ның Халық әртісі, Халық Қаһарманы, Р.Бағланованың 100 жылдығына орай «Сыр гүлі» атты аудандық әншілер байқауы өткізілді.
Жерлесіміз Қазақстанның халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаевтың 75 жылдығына орай "Шын күлкі ардан биік,шың бір өнер" атты әзіл-сықақ отауларының республикалық байқауы болды.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жарасхан Әбдірашев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, үлкен өнер иесі, жергілікті ақын Абылаев Толыбай ағамыздың 70 жас мерейтойына арналған "Ақын боп туған азамат" атты кездесу кеші Бөген ауылындағы мектеп сахнасында өткізілді. Абай ауылдық клубының ұйымдастыруымен жергілікті ақын Толыбай Абылаевтың 70 жасқа толуына арналған «Жүректегі жыр шыңы» атты аудандық жазба ақындар мүшайрасы өткізілді.
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай  «Мәдениет – өмір айнасы, өнер қоймасы» атты концерт берілді. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің құрметіне ұйымдастырылған шарада, мәдениет және өнер саласында талмай еңбек етіп келе жатқан бір топ тұлғаларға аудан әкімінің Алғысымен марапатталып, үздік күйші, күміс көмей әнші, талантты өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Аралқұм ауылдық клубының ұйымдастыруымен "Келіні жақсының- керегесі алтын!" атты аудандық байқау өткізді. Байқауға Шөміш, Абай, Қамбаш, Жақсықылыш, Арал, Құланды, Райым және Аралқұм елді мекендерінен талапкер бақ сынады. Маусым айының 12 күні Қосжар ауылдық клубында жергілікті сазгер ақын Дархан Оразымбетовты еске алуға арналған "Дарабоз - дарын Дархан ең..." атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Мүшайраға елді мекендерден жазба ақындар келіп өз бақтарымен сынасты.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жерлесіміз, Арал ауданының құрметті азаматы, жазушы Қуаныш Жиенбайдың 70 жылдық мерейтойы орай шығармашылық кеші болды. Шығармашылық кеште жазушының «Ұры» атты туындысы желісінде қойылған “Тулақ” атты қойылымнан үзіндіні Аманөткел ауылдық мәдениет үйі жанындағы Халық театры көрерменнің назарына ұсынды. Қойылымда елінен жыраққа сатылып кеткен баланың елге деген сағынышы әсерлі суреттеліп көрсетілді.
Аманөткел ауылдық мәдениет үйі «Домбыра дастан» атты мерекелік концерт, Шижаға ауылдық мәдениет үйі «Толғандырған домбырам» атты концерт,Сексеуіл ауылдық мәдениет үйі «Нағыз қазақ домбыра» атты сазды кеш, Бөген ауылдық клубы «Домбыра асыл қазына» атты концерттер ұйымдастырды.
Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен орталық алаңда  Елорда күніне орай «Ару қала- Астана» атты мерекелік концерт өтті.
Сатирик,режиссер-сценарист, ҚР Мәдениет саласының төс белгісінің иегері, «Еңбек даңқ» медалінің иегері Бақтыгүл Бахрамованың «Өмірім-өнеріммен өрнектелген» атты шығармашылық кеші  және Шөмішкөл елді-мекенінің  мәдениеті мен өнерінің дамуына  сүбелі үлес қосқан ардақты азамат, ақын Қуаныш Қондыбаевқа арналған «Перзент пейіл- Қуанышы ең Аралдың» атты еске алу кеші өткізді.
Арал аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай, А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы және М. Әуезовтың 125 жылдығы аясында "Халық мұрасы - рухани қазына" атты оқушылар арасында онлайн аудандық жазба ақындар мүшайрасы өткізілді.
Халықаралық отбасы күніне орай аудандық мәдениет үйі "Біз өнерлі отбасымыз" атты отбасылар арасында аудандық байқау өткізді. Ал 1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарты бар ел қазыналы» атты салтанатты шара аудандық мәдениет үйінде өткізілді.
Арал аудандық мәдениет орталығы
«Тарихи тұлға - Ахмет Байтұрсынов» атты танымдық сағаты өткізілді. 8 наурыз мерекесі және Балалар жылына орай «Ана аты ұлылық» атты үйірме мүшелерінің концерті болып өтті.
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Балалар жылына орай балабақша бүлдіршіндері арасында «Кішкентай ару» атты аудандық байқауы болып өтті.
Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамына орай «Ал, қанекей, әжелер!» атты сайысы өткізілді.
Ұлыстың ұлы күні -22 Наурыз мерекесіне орай ауданымыздың бірқатар мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері арасында «Жақсы келін – ырысың» атты аудандық келіндер байқауы өткізілді.
Сондай-ақ бұрын сотты болған азаматтарға арналған «Мен қоғамға керекпін» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.
Орталық алаңда 1 мамыр-Халықтар достығы күні меркесіне орай қолөнершілер көрмесі өткізілді. «Ә.Маханов» үйірмесінің жетекшісі термеші Айнұр Сүйеуованың "Атадан қалған аманат" атты апталық жыр сағаты өткізілді.
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында Республикаға белгілі жырау Демеу Жолымбетовтің «Жампоз жырау Демеубай» атты шығармашылық жыр кеші өткізілді.
15 мамыр- Халықаралық Отбасы күніне орай ауданымыздағы үлгілі жанұя Нұрмахановтар отбасымен кездесу кеші өткізілді."Балалар жылына" орай балабақша бүлдіршіндері арасында "Бала - бақыт, бала - өмірдің көктемі" атты аудандық байқау өткізілді. «Дәріғұл жырау» үйірмесінің жетекшісі, термеші Ғанибек Өмірзақовтың "Атадан қалған аманат" атты апталық жыр сағаты өткізілді.«Бітімбай жырау» үйірмесінің жетекшісі, Ж.Жаңабаеваның "Атадан қалған аманат" атты апталық жыр сағаты өткізілді. «Ғашықпын өмір саған» атты Зағиптар қоғамының 85 жылдығына арналған кеш өткізілді. Ұлттық домбыра күніне орай мәдениет орталығының өнерпаздары мен шәкірттері қалалық паркте ұйымдастырылған шарада өнер көрсетті. «Жырымен жүрек тербеген» атты жыршы-термеші, сазгер Тұрғанбек Бейісовпен кездесу кеші өткізілді. «Жақсан жырау» үйірмесінің жетекшісі А.Жоламановтың апталық жыр сағаты өткізілді. Мәдениет орталығының және №3 орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жұдырықтай жұмыр жер» атты Ә.Махановтың 100 жылдығына арналған шығармашылық кеші өткізілді. 
Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша
Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 2022 жылдың 10 айында 735 мәдени іс-шара өткізілді. Аудандық орталық кітапханада Қазақстанның халық әртісі, әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай «Дүлдүл әнші, аяулы ана, аңыз адам» атты онлайн өнер сағаты өткізілді.
Шижаға ауылдық модельді кітапханасының  "Парасат жолы" орталығында Мемлекет және қоғам қайраткері Д. Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай "Ізі өшпейтін ізгі адам" атты портреттік кеш ұйымдастырылып өткізілді. Қалалық №1 кітапханада Халық Қаһарманы Қазақстанның халық әртісі Р.Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай "Өнердің жарық жұлдызы"атты өнегелі өнер сағаты өткізілді. Жақсықылыш кенттік кітапханасында  «Парасат жолы» орталығында  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күреске байланысты  «Сыбайлас жемқорлық қоғам дамуының  кедергісі» атты дөңгелек стол ұйымдастырылды.    Қосжар ауылдық кітапханасында "Парасат жолы " орталығында "Адал ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбында брейн-ринг өткізілді.
Шевченко ауылдық кітапханасында « Парасат жолы» орталығында ақын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көсемі» атты әдеби вернисаж ұйымдастырылды.Аралқұм ауылдық кітапханасында «Парасат жолы» орталығында А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Қазақ әліпбиінің атасы - Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында тақырыптық кеш өткізілді. Жақсықылыш кент кітапханасында " Парасат жолы" орталығында «Жастар. Қоғам. Иман» тақырыбында ой-толғам өткізілді. Аудандық орталық кітапханада " Парасат жолы " орталығында заңғар жазушы Зейнолла Шүкіровтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жыр жұлдызы Зейнолла » тақырыбында әдеби подиум өткізілді. Қаратерең ауылдық кітапханасында "Парасат жолы" орталығында "Елдің болашағы- жастардың қолында" тақырыбында дебат өткізілді. Қызылжар ауылдық модельді кітапханасы сыр сүлейі, ақын Әбілхан Махановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Теңіз тебіренткен талант» тақырыбында әдеби бейнероликті ұсынады. Қамбаш ауылдық кітапханада "Парасат жолы" орталығында Арал теңізінен нәр алған ақын Зейнолла Шүкіровтың туғанына 95 жыл толуына орай "Теңіздей тентек телегей жыр" тақырыбында жыр кеші өткізілді. Қалалық №4 кітапханада "Парасат жолы" орталығында Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толуына орай "Ерлік жолын еңсерген тұлға" атты ерлік сағаты өткізілді. Қалалық №1 кітапханада  «Діни экстремизмнің қауіптілігі неде?» тақырыбында пікірталас өткізілді. Аманөткел ауылдық кітапханасында "Парасат жолы" орталығында жазушы М.Қаназдың 80 жасқа толуына орай "Жанқожа" кітабына талдау өткізілді. Аудандық орталық кітапхананың «Парасат жолы» орталығында   жазушы М. Қаназдың 80 жас мерейтойы қарсаңында «Қарымды қалам әлемі » тақырыбында әдеби кеш өткізілді.    Орталық балалар кітапханасында алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парызым» атты әдеби ертеңгілік өткізілді. Қызылжар ауылдық модельді кітапханасында  "Жаны жайсаң,абзал жандар " атты бенефис шоу өткізілді. Қалалық №4 кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай " Қазақ солдаты" романына оқырмандар конференциясы өткізілді.Жақсықылыш кент кітапханасында "Парасат жолы" орталығында қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, ақын Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби шығармашылығын насихаттауға арналған «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты әдеби кеш өткізілді. Сексеуіл кенттік кітапханасында "Парасат жолы " орталығында "Жастар елдің- оң күші" атты мотиватор кеші өткізілді.Арал аудандық орталық кітапханада «Сыр үміті» сыйлығының иегері, жерлесіміз қолөнер шебері Шайхы-Ислам Мағауияұлына арналған «Қолөнері-қазақтың төл өнері» атты   кездесу кеші  өткізілді.     Қамыстыбас ауылдық кітапханасында "Парасат жолы" орталығында әкімшілік және клуб қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері мен оның алдын алу мақсатында "Сыбайлас жемқорлық - әлеуметтік індет" тақырыбында пікірталас өтті.
Шөмішкөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлық -қоғамның өзекті мәселесі" тақырыбында ой талқы өткізілді. Сексеуіл ауылдық кітапханасында 18 сәуір – халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай "Қазақстанның тарихи-мәдени ескеркіштерін білесің бе? " тақырыбында библио - саяхат өткізілді.      
 Аудандық орталық кітапханада 23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай   «Kitap Fest – 2022» кітап фестивалі ұйымдастырылды. Кітап фестивалі барысында " 100  жаңа оқулық- игі бастама" тақырыбындағы кең көлемді мазмұнды  кітап көрмесі таныстырылды. Қамбаш ауылдық кітапханасында "Парасат жолы" орталығында  15- мамыр  Халықаралық отбасы күніне арналған  "Отбасы - бақыт мекені" атты өнеге сағаты өткізілді. Қалалық №3 кітапханада 31- мамыр  Саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» тақырыбында еске алу кеші ұйымдастырылды. Аудандық  орталық  кітапхана  төрінде  ақын , қоғам  қайраткері , Арал  ауданының құрметті  азаматы  Сансызбай  Құттыбайұының  туғанына  75  жыл  толуына  орай   «Тектілік  дарыған  талат»    атты еске  алу  кеш  өткізілді. Аудандық орталық кітапханада Балалар жылы аясында және 1 маусым- Халықаралық балалар құқығын қорғау күніне орай ақын, жерлесіміз Толыбай Абылаевтың шығармашылығына арналған «Кітап-рухани досымыз» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Аудандық орталық балалар кітапханасында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала бақыт, бала өмір, бала нұр»  конференция өткізілді.
Аудандық орталық кітапхана төрінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен  айбынды, Туымен тұғырлы » атты таным сағаты өткізілді. Аудандық орталық кітапханада Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Арал ауданының құрметті азаматы жазушы, жерлесіміз Қ. Жиенбайдың 70 жас мерейтойына орай  «Жүйрік қалам, жылы жүрек иесі» атты  кездесу кеші өткізілді. Қаратерең ауылдық кітапханасында журналистер одағының мүшесі,ақын,сазгер Талғат Бұрханұлы Тілеулесовпен "Таланты танылған-Талғат"атты кездесу кеші болып өтті.
Аралқұм ауылдық кітапханасында ақын, Қазақстанның халық жазушысы М.Шахановтың 80 жасқа толуына орай «Өлеңім - өмірімнің айнасы» атты поэзия кеші өткізілді. Қалалық №4 кітапханада Кеңес Одағының батыры М. Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақтың батыр қызы» атты патриоттық сағат өткізілді.Қосжар ауылдық кітапханада «Парасат  жолы» орталығында жазғы оқу аясында  «Жаз әлемі кітаппен» атты библиошар өткізілді.
Сексеуіл кенті кітапханасының «Парасат жолы» орталығында «Суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында тақырыптық кеш өтті. Қалалық №3 кітапханада  сыр сүлейі, ақын Әбілхан Махановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сүлейлердің сарқытын сарқып ішкен..» тақырыбында  еске алу кеші өткізілді. Қалалық №4 кітапханада "Парасат жолы" орталығында "Апатқа апарар үш індет" кітабына кітапқа талдау өткізілді. Қарақұм ауылдық кітапханасында " Табысты адамдар-табысты ел" тақырыбында кездесу кеші өткізілді.
Бұл рухани танымдық кештер мен рухани кездеулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Елдің мәдеи дамуына үлес қосып жүрген мәдениет саласының қызметкерлері ұйымдастырған шаралар үздіксіз жалғасын тауып отырады.
29 қараша 2022 ж. 584 0