Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихи-өлкетану музейінің балықшылар бөлімі 1 миллион теңге жеңіп алды

Тарихи-өлкетану музейінің балықшылар бөлімі 1 миллион теңге жеңіп алды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қасиетті Түркістан қаласында мәдениет және өнер саласының ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2022» фестивалінің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады.
Еліміздің 17 өңірінен келіп түскен кітапхана саласы бойынша – 125, мәдени ойын-сауық саласы бойынша 87, музей саласы бойынша 73 өтінімді қазылар алқасы қарастырды. Бір аптаға созылған байқау нәтижесі 23 мамырда ресми жарияланып, фестивальдің 44 жеңімпазы арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ жеңімпаздарды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары К.Сейітова, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, қазылар алқасының төрағасы Б.Оспанова және де басқа мәдениет саласының майталмандары марапаттап, қаржылай сыйлық табыстады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев фестивальге қатысушыларды марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.
Осы фестивальде Сыр өңірінен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы Арал ауданық тарихи-өлкетану музейінің балықшылар бөлімі «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар музей» номинациясы бойынша 1 000 000 (бір миллион) теңгені жеңіп алып, аудан мерейін асқақтатты.
"Толқын" ақпарат
24 мамыр 2022 ж. 445 0