Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ЕМЛЕНІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

ЖАҢА ЕМЛЕНІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

    Бүгін Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Арал аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимаратында өткізілген ҚР Тұңғыш Приезиденті, Елбасының «Қазақ әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасына  кезең-кезеңімен көшіру» туралы жарлығына сәйкес, барлық санаттағы азаматтарға  арналған «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» тақырыбындағы тренерлерді даярлаудың 40 сағаттық облыстық курсы аяқталды. Курстың мақсаты-жаңа әліпбиді насихаттау, «Жаңа емле» ережелеріне дағды қалыптастыру.

    Курсқа Арал аудандық мемлекеттік және бюджеттік сала мамандарынан құралған 30 тыңдаушы қатысты. Оқыту жұмыстарын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы шақыртуымен келген лектор «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» оқу- әдістемелік бөлімінің басшысы, латын графикасын үйрету  тренері  Әсел Манасқызы мен орталықтың Арал ауданы бойынша оқытушысы, латын графикасын үйретудегі тренері Перизат Елеуліқызы жүргізді.

    Шара соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Төрахметов қатысушыларға сертификат табыстады.
http://aral.gov.kz/kz/zhanalyktar/4438-zha-a-emleni-o-ytu-distemesi?fbclid=IwAR2j81hG79iAkrsMRg3dbbmB7j0jxcVdFPZdNjr50UOmiacWs4qYLYto7lo
10 тамыз 2019 ж. 1 002 0